Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы базарлардың бір де бірі заман талаптарына сай келмейді

Опубликовано:

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов үкімет отырысында еліміздегі бірде бір сауда базарының заман талабына сай келмейтінін білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда барлығы 750 сауда базары бар.

Сұлтанов олардың бір де бірі қазіргі заман талаптарына сай еместігін жасырмады.

"Тауарларды жедел жүктеуге мүмкіндік беретін заманға сай жүк түсіру және температуралық қоймалардың жеткіліксіздігі бағаға тікелей әсерін тигізеді. Әрине, базарда тауар ағынын бақылау бойынша ақпараттық жүйе де жоқ", - деді министр.

Cұлтанов бұл мәселе айтарлықтай қиындық туғызатынын айтты.

Оның сөзінше, қалалардағы карантин тәртібінің енгізілуіне байланысты туындаған дүрбелең осы мәселелерді тағы да айқындап берген.

Сауда және интеграция министрі аталған проблемаларды жедел және жүйелі шешу үшін көтерме-тарату орталықтарының бірыңғай кешенін құрайтын ұлттық тауар өткізу желісін құру ұсынылатын тілге тиек етті.

"Бұл экожүйе өндіруші мен тұтынушыны жақындататын экономикалық кешенді, сондай-ақ бірыңғай тетікті құрай отырып, республиканың сауда инфрақұрылымына қосылады. Сауда мен тарату функционалы бойынша жіктелген көтерме-тарату орталықтары - жүйенің өзегі. Көтерме-тарату орталықтарының қызметі өнімді сақтау мен қайта өңдеу, тарату мен өткізуге дейінгі мамандандырылған қызметтерді ұсынады", - деді Сұлтанов.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853274-kazakstandagy-bazarlardy-bir-de-biri-zaman-talaptaryna-saj-kelmejdi/

pixel