Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда 5 жасар баладан коронавирус табылды

Опубликовано:

Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандар арасында 5 жасар бала да бар болып шықты. Ол Екібастұз қаласының тұрғыны деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Екібастұзда 5 жасар бала коронавирус жұқтырған
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қазіргі уақытта Павлодар облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 120-ға жетіп отыр.

Бүгін өңірде тағы 10 адамнан коронавирус анықталған. Оң нәтиже көрсеткен сынамалардың барлығы Екібастұз тұрғындарына тиесілі, облыста COVID-19-ды жұқтырғандардың көбі де осы аймақта.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін коронавирус анықталғандардың ішінде 5 жасар балақай да бар.

Ведомство қазіргі уақытта оқшаулау үшін вирус жұқтырғандармен байланыста болғандардың анықталып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ Мичурино ауылының жанындағы өткізу пунктінде COVID-19 тестін тапсырғаны туралы анықтамасы болмаған Шымкент қаласының тұрғыны тоқтатылған.

Нәтижесінде ер адам сараптама өткізуге жіберіліп, сынама оң нәтиже көрсеткен.

Айта кетейік, бүгіннен бастап Павлодар облысында карантин шаралары жеңілдеді. Ең алдымен саяжай иелеріне шығуға рұқсат берілді.

Сонымен қатар, оларға қоғамдық көлік бөлінген, оған кіру үшін бағбандық билет көрсету қажет.

Сонымен қатар облыста техникалық бақылау станциялары, дөңгелек ауыстыру қызметі, банктер, "Қазпошта", заңды тұлғаларға арналған ХҚКО, стоматология жұмысын бастады.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 2982-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853343-ekibastzda-5-zasar-baladan-koronavirus-tabyldy/

pixel