Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аузы берік адам темекі тартса оразасы бұзыла ма

Жарияланған күні:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі "аузы берік адам темекі тартса оразасы бұзыла ма" деген сұраққа жауа қайырды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Дін қызметкерлерінің айтуынша, жәй түтін болсын, әдейілеп жұтқан түтін болсын оразаны бұзады. Сол себепті аузы берік кезде темекі тартса адамның оразасы бұзылады.

Ибн Абидин Роддул мухтар кітабында: "Егер тамағына түтін кіргізетін болса, қандай жолмен болмасын, тіпті хош иісті түтіндетіп, өзіне жақындатып ораза екенін біле тұра хош иіс түтінін жұтатын болса оразасы бұзылады" - деген.  

Темекі оразаны бұзуында еш күман жоқ.

Имам әш-Шурунбулали: "Ораза адамның темекіні тартуы күмансыз оразаны бұзады. Егер нәпсісін басып, пайда беріп жатса, ол адамға каффарат уәжіп болады" , - деген.  

Сонымен қатар діни басқарма аузы берік адамға ораза кезінде әтір себуге, оның иіскеуге болатынын мәлім етті.

"Әтірдің түтін секілді физикалық массасы жоқ, мысалы, аузы берік адам әртүрлі гүлдердің иісін иіскеуі де оразасын бұзбайды", - деді мамандар.

Еске сала кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз екенін жеткізді.

Дегенмен ораза ұстамаса болатын санатқа кіретін жандарды айтып өтті.

"Жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы нашар адамдар ауруының асқынуынан қауіптенсе және сенімді дәрігер ұзақ уақыт бойы ашығудан денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген шешім қабылдаса, сонымен қатар жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғат рұқсат береді", - деді бас мүфти.

Сондай-ақ, елдегі төтенше жағдайға байланысты тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайтыны белгілі болды. Бұл індеттің таралуының алдын алу мақсатында жасалып отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853609-auzy-berik-adam-temeki-tartsa-orazasy-bzyla-ma/