Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамазан айында қан тапсыру оразаны бұза ма

Опубликовано:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі "Рамазан айында күндіз қан тасыру оразаны бұза ма" деген сұраққа жауа қайырды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Діни басқарма қызметкерлерінің мәліметінше, ораза ұстаған адам донорлық мақсатта және анализ үшін қан тапсырса немесе ауру себебінен қан алдырса оразасы бұзылмайды.

"Өйткені ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) аузы берік бола тұра қан алдыртатын болған.
Ибн Аббастан (Алла ол кісіге разы болсын) келген риуаятта: "Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза бола тұра хижәмә жасатқан еді" – деген.  
Дегенмен аузы берік адам қан алдыртқанда әлсіреп, ораза тұтуы қиындап кететініне көзі жететін болса оған қан алдыру – "мәкрүһ" болып саналады", - деді мамандар.

Еске сала кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз екенін жеткізді.

Дегенмен ораза ұстамаса болатын санатқа кіретін жандарды айтып өтті.

"Жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы нашар адамдар ауруының асқынуынан қауіптенсе және сенімді дәрігер ұзақ уақыт бойы ашығудан денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген шешім қабылдаса, сонымен қатар жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғат рұқсат береді", - деді бас мүфти.

Сондай-ақ, елдегі төтенше жағдайға байланысты тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайтыны белгілі болды. Бұл індеттің таралуының алдын алу мақсатында жасалып отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853704-ramazan-ajynda-kan-tapsyru-orazany-bzady-ma/

pixel