3138-ге жетті: Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 33 адам тіркелді
Опубликовано:
Елімізде тағы 16 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 3138-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"29 сәуір 22:25-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, Батыс Қазақстан облысында - 8 адамнан, Алматы қаласында - 11 адамнан, Нұр-Сұлтан қаласында - 5 адамнан, Павлодар облысында - 5 адамнан, Атырау облысында - 4 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.
Осы сағатта
Нұр-Сұлтан қаласы – 621
Алматы қаласы – 937
Шымкент қаласы – 189
Ақмола облысы – 98
Ақтөбе облысы – 65
Алматы облысы – 122
Атырау облысы – 135
Шығыс Қазақстан облысы – 17
Жамбыл облысы – 116
Батыс Қазақстан облысы – 138
Қарағанды облысы – 142
Қостанай облысы – 45
Қызылорда облысы – 187
Маңғыстау облысы – 45
Павлодар облысы – 127
Солтүстік Қазақстан облысы – 30
Түркістан облысы – 124, барлығы 3138 адам тіркелді. Оның 819-ы қауіпті дерттен айығып, ауруханадан шықты.
Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853709-3138-ge-zetti-elimizde-koronavirus-zktyrgan-tagy-33-adam-tirkeldi/