Коронавируспен күрескен дәрігер өз тойының алдында ауру жұқтырып, көз жұмды
Жарияланған күні:
Бар уақытын жаңа коронавируспен күресуге жұмсаған дәрігер инфекция құрбанына айналып, өз тойына дейін қайтыс болды. Ал болашақ әйелі салтанатты рәсімге бірге дайындаған әнін аяқтауға уәде берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Индонезиялық дәрігер Майкл Роберт Марампе сәуір айының он бірінде үйленуі керек болған. Бірақ салтанатты рәсімді вирустың өршуіне байланысты кейінге шегеруге тура келіпті.
Asia One жазуынша, ол әріптестерін коронавируспен бар күшімен күресуге шақырыпты. Өзі көп адамға көмектескеніне риза екенін де жасырмаған екен.
Азамат өзіне сезімін білдірген қалыңдығына да алғыс айтқан. Ал келесі күні бойжеткен өз күйеу жігітінің өлімі туралы хабар беріпті.
Ол марқұммен бірге неке қию рәсіміне дайындаған әнді аяқтауға уәде берді.
Джон Хопкинс университетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 3 189 017 адамға жеткен. Жалпы науқастардың 1 037 970-і АҚШ-та тіркеліп отыр. Америкада жаңа вирустан 60 853 науқас көз жұмған. Антирейтингтің келесі орнына Испания мемлекеті жайғасты. Еуропаның бұл елінде КВИ жұқтырған 236 899 адам анықталып, қауіпті инфекциядан қайтыс болғандар саны 24 275-ке жетті. Ал Италия 203 591 науқаспен үшінші орында тұр.
Елде қатерлі дерттен ажал құшқандар саны 27 682. Франция аумағында да науқастар саны өсуін тоқтатар емес. Қазіргі уақытта елде коронавирусты 166 541 адам жұқтырған, ал қайғылы жағдайлар саны 24 121. КВИ жұқтырған науқастар бойынша бесінші орынға Ұлыбритания табан тіреді. Елде коронавирус жұқтырғандар саны 166 441, қатерлі инфекция 26 166 адамның өмірін алып кетті.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853768-koronaviruspen-kresken-driger-z-tojyny-aldynda-auru-zktyryp-kz-zmdy/