Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәбилерге екпе салу қашан басталады: Мамандар жауап берді

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова бір жасқа дейінгі балаларға екпе салу қай кезде жанданатынын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұл тақырыпты Қисықова елордада өткен онлайн брифинг барысында қозғады.

"Мемлекеттік бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, 2 сәуірден бастап бұл жұмыс уақытша тоқтатылған болатын. Екпені тек перзентханада ғана жасайды.
Сосын жарақат алған адам травматологиялық пунктте ала алады. Ал басқа жерде екпе салу жұмысы тоқтатылған", – деді ол.

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы 11 мамырдан бастап екпе салу шаралары жанданатынын жеткізді. Алайда дәрігерлер үйге барып, екпе салмайды.

"Біз үйге барып, екпе салмаймыз. Себебі неше түрлі асқыну болуы мүмкін. Жалпы баланы емханаға алдыру мен екпе салуды медицина мекемелері өздері жоспарлап жатыр. Оны 11 мамырдан бастайды", – дее түсіндірді Сәуле Қисықова.

Еске сала кетсек, осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қашан әзірленетінін айтқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853890-sbilerge-ekpe-salu-kasan-bastalady/

pixel