Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртанов ауру жұқтырған алматылық ақ халаттылардың үндеуіне жауап берді

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы орталық ауруханасының ақ халаттыларымен онлайн режимде кездесіп, медицина қызметкерлерінде туындаған сұрақтардың барлығын тыңдап, жауап бергені жайлы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Біртанов ауру жұқтырған ақ халаттылардың үндеуіне жауап берді
Фото: NUR.KZ: Original

Біртанов Facebook парақшасында оңтүстік астанадағы коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне тиісті өтемақы төлеуді реттеу үшін комиссия құруды тапсырғанын айтты.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық әкімдіктің комиссия құруға құзыреті жеткілікті. Ол комиссияның шешімі өтемақы төлеу бойынша негіздеме бола алады. Қажетті қадамдардың алгоритмі мен арнайы комиссия құрамын тағы да еске салды.

"Кешкісін осы аурухананың ақ халаттыларымен әңгімелестік. Мекеме қызметкерлері өтемақы төлеуге қатысты әсерлі жазба қалдырған, жазбада медицина мамандарының жұмыс уақытында ауру жұқтырғаны туралы, науқастардан індет жұқтырғаны жайлы айтылған. Соған орай аурухана қызметкерлеріне өтемақы төленеді. Біз үндеудің әр тармағын жеке-жеке талдадық",– деп жазды министр.

Министр арнайы комиссияға қатысу үшін қоғам белсенділері мен журналистерді шақырды. Ол карантинде отырған медицина қызметкерлері табысынан айырылмауы тиіс екенін айтты. Одан бөлек, Біртанов қорғаныс костюмдерінің жетіспеушілігі мәселесіне қатысты жоспарланған тексеріс туралы мәлімдеді.

"Құрметті әріптестер-ақ халаттылар, комиссия шешімдерінің нәтижесі шыққанша, сабыр сақтауларыңызды сұраймын, сіздер карантинде ем қабылдап жатырсыздар. Денсаулықтарыңызды күтіп, сақтық шараларының барлығын тиісінше қолданыңыздар! Сіздер елге қажетсіздер!",– деді Елжан Біртанов.

Еске сала кетсек, Біртанов медицина қызметкерлері қандай көлемде үстемақы алғанын айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853962-birtanov-auru-zktyrgan-ak-halattylardy-ndeuine-zauap-berdi/

pixel