Қазақстанда тағы 20 адам коронавирус індетінен жазылып шықты
Жарияланған күні:
Ресми дереккөздер елімізде коронавирус инфекциясынан тағы 20 адам емделіп шыққанын хабарлады. COVID-19 вирусын Қазақстанның бірқатар өңірінің тұрғындары еңсерген деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
"20 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Нұр-Сұлтан қаласы – 1, Атырау облысы – 6, Қарағанды облысы – 4, Түркістан облысы – 4, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 1, Ақтөбе облысы – 3", – делінген ресми хабарламада.
Осылайша, елімізде қауіпті індетті жеңген науқастардың саны 899-ға жеткен:
Нұр-Сұлтан қаласы – 240
Алматы қаласы – 117
Шымкент қаласы – 36
Ақмола облысы – 72
Ақтөбе облысы – 16
Алматы облысы – 14
Атырау облысы – 70
Шығыс Қазақстан облысы – 8
Жамбыл облысы – 46
Батыс Қазақстан облысы – 10
Қарағанды облысы – 67
Қостанай облысы – 3
Қызылорда облысы – 118
Маңғыстау облысы – 9
Павлодар облысы – 5
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Түркістан облысы – 43
Бұған дейін, елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 3551-ге жеткендігі туралы жазған едік.
Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853966-kazakstanda-20-adam-koronavirus-indetinen-zazylyp-sykty/