Тағы 23 адам тіркелді: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3574-ке жетті
Опубликовано:
Елімізде тағы 23 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 3574-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

1 мамыр сағат 17:30-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Ақтөбе облысы – 5, Атырау облысы – 6, Павлодар облысы – 3, Түркістан облысы – 1, Алматы қаласы – 3, Нұр-Сұлтан қаласы – 2, Шымкент қаласында 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды", – делінген хабарламада.
Осы сағатта Қазақстан бойынша барлығы 3574 адам коронавирус жұқтырған:
Нұр-Сұлтан қаласы – 652
Алматы қаласы – 1143
Шымкент қаласы – 204
Ақмола облысы – 99
Ақтөбе облысы – 114
Алматы облысы – 142
Атырау облысы – 146
Шығыс Қазақстан облысы – 23
Жамбыл облысы – 136
Батыс Қазақстан облысы – 152
Қарағанды облысы – 151
Қостанай облысы – 50
Қызылорда облысы – 204
Маңғыстау облысы – 55
Павлодар облысы – 145
Солтүстік Қазақстан облысы – 30
Түркістан облысы – 128
Естеріңізге сала кетсек, әлемді жаулаған коронавирус пандемиясына байланысты елімізде 15 наурызда жарияланған Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853982-tagy-23-adam-tirkeldi-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-3574-ke-zetti/