Қазақстанда сенат спикері қызметін кімдер атқарды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен сенбіде өз жарлығымен сенат спикері болған Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатқан болатын. Бұл қызметке әзірге ешкімді тағайындаған жоқ. KAZ.NUR.KZ осы орайда аталмыш лауазымды орында түрлі жылдары қызмет еткен шенеуніктерді еске алуды ұсынады.
Байгелді Өмірбек
Ол парламенттің жоғарғы палатасына 1996 жылдың 30 қаңтарынан 1999 жылдың 1-желтоқсанына дейін төрағалық етті.
Белгілі болғандай, Байгелді Өмірбек 1939 дылы Жамбыл облысындағы Ерназар ауылында дүниеге келген.
Сенат спикері болып тағайындалмай тұрып ол Қазақстан президентінің кеңесшісі деген жоғарғы лауазымды орында болды.
Шененунік өзінің мансаптық жолын 1955 жылы Жамбыл облысында бастады. Байгелді қызметтік баспалдағымен жоғарылай беріп, 1992 жылы Жамбыл облысы әкімшілігінің басшысы қызметіне келді.
Өткен жылдың қыркүйек айынан бері Байгелді Өмірбек Қазақстан сенаторлар кеңесінің құрамына кірді.
Оралбай Әбдікәрімов
Ол Қазақстан сенатының спикері болып 1999 жылдың бірінші желтоқсанынан 2004 жылдың 10-наурызына дейін қызмет етті.
Әбдікәрімов 1944 жылы дүниеге келген. Ол Қарағанды облысының тумасы.
Шенеунік түрлі жылдары өңірдің атқарушы органдарында басқарушылық қызметтерде болды. Қазақстан парламенті жоғарғы палатасының төрағасы болмас бұрын ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемкомиссияның басшысы болған.
2004 пен 2007 жылдар аралығында Әбдікәрімов Қазақстанның мемлекеттік хатшысы қызметін атқарды. Айта кету керек, ол флотта әскер борышын өтеген.
Нұртай Әбіқаев
Нұртай Әбіқаев Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасына үш жыл бойы төрағалық етті. Ол бұл қызметті 2004 жылдың 10-наурызынан бастап, 2007 жылдың 11-қаңтарына дейін болған.
Саясаткер 1947 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол бірқатар жоғары лауазымды қызметтерді атқарған.
Шенеунік ҚР ҰҚК төрағасы, президенттің бірінші көмекшісі, СІМ жетекшісінің орынбасары болып жұмыс істеген.
Айта кетейік, Әбіқаевты ҰҚК басшылығына үш мәрте тағайындаған болатын. Ол 1998 жылы, 2010 жылы және 2015 жылы қайта сайланған. Өткен жылдың қыркүйек айынан бері Әбіқаев та сенаторлар кеңесінің құрамына кірген.
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстанның қазіргі президенті сенат спикері болып екі мәрте тағайындалған болатын. Бірінші ретте оның өкілеттілігі 2007 жылдың 11-қаңтарынан 2011 жылдың 15-сәуіріне дейін жалғасты. Кейін шенеунікті 2013 жылдың 16-қазанынан 2019 жылдың 20-наурызына дейін қайтадан сайлады.
Ол 1953 жылы Алматыда дүниеге келді. Тоқаев өз еңбек жолын КСРО СІМ-де кезекші референт қызметінен бастады. Ол көптеген жылдар бойы Қытайда жұмыс істеді.
Атап өту керек, Тоқае КСРО мен Қазақстандағы жоғарғы қызметтерінен бөлек, 2011 мен 2013 жылдар аралығында БҰҰ бас хатшысының орынбасары болып еңбек еткен. Ол аталмыш ұйымның Женевада орналасқан бас кеңсесін басқарған болатын.
Өткен жылы Тоқаев кезектен тыс сайлауда Қазақстан президенті болып тағайындалды.
Қайрат Мәми
Мәми сенат спикері болып Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірінші мерзімі аяқталған кезде тағайындалды. Саясаткер бұл қызметте 2011 жылдың 15-сәуірі мен 2013 жылдың 16-қазаны аралығында болған.
Ол 1954 жылы Алматы облысында дүниеге келді.
Қайрат Мәми түрлі жылдары Қазақстанның сот жүйесінде жетекші қызметтерін атқарған. Ол сенат спикері болып тағайындалмай тұрып еліміздің бас прокуроры болып еңбек етті.
Қазіргі таңда шенеунік Қазақстанның конституциялық кеңесінің төрағасы болып табылады.
Дариға Назарбаева
Дариға Назарбаева сенат спикері болып бір жылдан астам уақыт қызмет етті. Ол парламеттің жоғарғы палатасына 2019 жылдың 20-наурызынан бастап, 2020 жылдың 2-мамырына дейін төрағалық етті.
Айта кетейік, бұл қызметке ол Тоқаевтың уақытша президент қызметін атқарушы болуына орай тағайындалған.
Ол 1963 жылы Қарағанды облысында туған. Шенеунік тарих ғылымдарының кандидаты және саяси ғылымдардың докторы болып табылады. Үш баласы бар.
Айта кету керек, қазіргі таңда сенат депуттарына төраға қызметіне жаңа кандидатты ұсынбады.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854202-kazakstanda-senat-spikeri-kyzmetinde-kimder-bolgan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.