Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орталық сайлау комиссиясы Дариға Назарбаеваның өкілеттілігін тоқтатты

Жарияланған күні:

4 мамыр күні Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Жиын барысында парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Парламент сенаты
Фото: Парламент сенаты: UGC
"Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі ҚР Президентінің 2020 жылғы 2 мамырдағы "Д.Н.Назарбаева туралы" № 315 Жарлығы негізінде ҚР Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 24-бабының 5-інші және 9-тармақтарына сәйкес тоқтатылды", - делінген Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында.

Еске сала кетейік, бұған дейін сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылғанын хабарлаған едік.

Айта кетейік, Дариға Назарбаева 2016 жылы 13 қыркүйектен парламент сенатының депутаты, ал 2019 жылы 20 наурыздан бастап төрағасы болды.

Ал өткен жылы қыркүйекте парламент сенатының төрағасы болып қайта сайланды.

Сенат отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл лауазымға Дариға Назарбаеваның кандидатурасын өзі ұсынған болатын. Жасырын дауыс беру нәтижесінде жоғарғы палатаның жиынына қатысқан 48 депутаттың барлығы Дариға Назарбаеваны қолдап, дауыс берген еді.

Сенат депутаты болғанға дейін Дариға Назарбаева әр жылдары "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясының вице-президенті, "Хабар" агенттігінің директоры, бас директоры, президенті, директорлар кеңесінің төрағасы, "Бөбек" балалар қайырымдылық қорының вице-президенті, Тұңғыш президент қорының директоры қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, парламент мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, мәжіліс төрағасының орынбасары, "Нұр Отан" фракциясының жетекшісі, премьер-министрдің орынбасары болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854208-ortalyk-sajlau-komissiasy-dariga-nazarbaevany-kilettiligin-toktatty/