Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төртінші қабаттан секірмек болды: ШҚО-да әскери қызметкер тұрғынды суицидтен құтқарды

Жарияланған күні:

Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық ұлан сарбазы суицид жасамақ болған әйел адамды құтқарып қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Думан Боғасбаев. Фото: polisia.kz
Думан Боғасбаев. Фото: polisia.kz: Instagram

Оқиға 5 мамыр күні сағат 19:30 шамасында Курчатов қаласында орын алған.

Белгілі болғандай 3514 әскери бөлімнің аға сержанты Думан Боғасбаев өз үйінің балконында тұрған сәтте, қарама-қарсы орналасқан ескі тұрғын үйден әйел адамды байқап қалады.

Ол қираған ғимараттың төртінші қабаттан секіруге оқталып тұрыпты. Ер адам тез арада тәртіп сақшыларына хабар беріп, өзі сол үйге қарай жүгірген.

Ғимараттың артқы жағынан айналып кіріп, төртінші қабатқа көтерілген әскери қызметкер аяғының ұшымен жақындап келіп, төменге секіруге дайындалған тұрғынды ішке тартып, кіргізіп алады.

Өзіне қол жұмсамақ болған әйел адамды қауіпсіз жерге шығарып алғаннан кейін, оқиға орнына полиция қызметкерлері келген.

"Шынымды айтсам, бұл жағдайда әйелді үгіттеуге, қателік жасамауға өтініп тұратындай уақыт болған жоқ. Өз өміріне балта шаппай тұрғанда, шапшаң қимылдауға тура келді ", – дейді Думан Боғасбаев.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары тұрғынның бұндай қадамға баруына не себеп болғанын анықтауда.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас жағдай Қарағанды қаласында да орын алған еді. Онда бойжеткен көпірден секірмек болды. Алайда, оны тәртіп сақшылары құтқарып қалған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854667-trtinsi-kabattan-sekirmek-boldy-sko-da-skeri-kyzmetker-jeldi-suicidten-ktkardy/