Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саунада түсірілген видео: Сот төрағасының өкілеттілігі тоқтатылды

Опубликовано:

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов тексеріс жүргізу мақсатында аудандық сот органы басшысының өкілеттілігін тоқтатуды тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: UGC

Бұл туралы жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді. Белгілі болғандай, Асанов аудандық сот басшысының өкілеттілігін аатышулы бейнежазбадан кейін қызметтік тексеріс жүргізу үшін тоқтатқан.

Айта кетейік, бұған дейін желіде саунада түсірілген шулы видео тарап, халық наразылығын тудырған болатын. Жазба авторының айтуынша, бейнежазбада карантин кезінде Алматы облысының прокуратурасы мен аудандық сот қызметкерлерінің демалып жатқан сәті көрініс тапқан.

Облыстық соттың баспасөз қызметі шу тудырған видеоны Қазақстанның сот жүйесіне еш қатысы жоқ азаматтың түсіргенін хабарлады.

Қазақстандықтардан асығыс тұжырым жасамай, ведомствоның тек ресми ақпаратына ғана сенуді сұрады.

Ғаламтор кеңістігінде тарап кеткен бейнероликке қатысты Бас прокуратура да пікір білдірді.

Қазіргі таңда, оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. Оның нәтижесі туралы кейінірек хабарланатын болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854731-saunada-tsirilgen-video-sot-tragasyny-kilettiligi-toktatyldy/

pixel