4422-ге жетті: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 78 адам тіркелді
Жарияланған күні:
Елімізде тағы 78 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 4422-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
"6 мамыр 23:30-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 60 адамнан, Жамбыл облысында - 5 адамнан, Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адамнан, Атырау облысында - 3 адамнан, Маңғыстау облысында - 1 адамнан, Ақтөбе облысында - 4 адамнан, Алматы қаласында - 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.
Осы сағатта
Нұр-Сұлтан қаласы – 768
Алматы қаласы – 1392
Шымкент қаласы – 222
Ақмола облысы – 101
Ақтөбе облысы – 168
Алматы облысы – 176
Атырау облысы – 226
Шығыс Қазақстан облысы – 30
Жамбыл облысы – 163
Батыс Қазақстан облысы – 208
Қарағанды облысы – 175
Қостанай облысы – 54
Қызылорда облысы – 222
Маңғыстау облысы – 95
Павлодар облысы – 152
Солтүстік Қазақстан облысы – 30
Түркістан облысы – 162, барлығы 4422 адам тіркелді. Оның 1408-і қауіпті дерттен айығып, ауруханадан шықты.
Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталатынын мәлім етті.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854750-4422-ge-zetti-kazakstanda-koronavirus-zktyrgan-tagy-78-adam-tirkeldi/