Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да Теңіз кен орнынан келген тұрғыннан коронавирус табылды

Опубликовано:

Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған соңғы үш науқастың біреуі Теңіз кен орнынан келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

БҚО-да Теңіз кен орнынан келген тұрғыннан коронавирус табылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

БҚО әкімдігінен алынған мәліметке қарағанда, ол – 1988 жылғы облыс тұрғыны. Көрші аймақтан келуіне байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

Үш адамның екеуі – Түркістан облысының Ресейде жұмыс істейтін 1980 және 1970 жылғы тұрғындары. Олар Самара облысымен шектесетін «Сырым» автоөткелінен өткен кезде денсаулықтарына шағымы болмағанмен, алгоритмге сәйкес жедел жәрдеммен карантиндік стационарға жеткізілген.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен үшеуінің де коронавирус жұқтырғаны белгілі болып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болғандар бақылауға алынып, ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Осылайша, БҚО-да сырқаттанғандар саны 213-ке жетіп, соның 59-ы сауығып шықты.

Айта кетейік, Жітіқара қаласында коронавирусты жұқтырған 4 адам тіркелді. Олар - 1981, 1987 және 1991 жылғы ер кісілер мен 1996 жылғы қыз. Аталған азаматтар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған", - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта дерт жұқтырғандардың бәрі Жітіқара аудандық орталық ауруханасында жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды, тиісті ем шараларын алып жатыр. Жағдайлары қанағаттанарлық. Осы азаматтармен байланысқан тұлғалар анықталуда, барлығы медициналық бақылауға алынады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854801-bko-da-teiz-ken-ornynan-kelgen-trgynnan-koronavirus-tabyldy/

pixel