RU

Ұшақ пен пойызға отыру үшін коронавирусқа тест тапсыру қажет пе

Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көпжасаров төтенше жағдай режимі аяқталғаннан соң пойыз әрі ұшақпен сапар уақытында коронавирус инфекциясына тест тапсыру қаншалықты қажет болатындығы туралы сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Оның сөзінше, барлық шешімдер тиісті мемлекеттік органдармен қабылданады.

"Әр өңірде өздерінің аймақтық жедел штабтары бар және олар осындай шешімдерді қабылдайды. Сонымен қатар, бізде Мемлекеттік комиссия, республикалық жедел штаб қызмет етеді. Олар да эпидемиологиялық әрі талдау мәліметтері негізінде қажетті шешімдерді жасайды", - деді Көпжасаров.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры осындай шешім қабылдаудың іс-қимылдарын сипаттап берді.

"Менің ойымша, жалпы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өңірлік штабтарда тиісті шешім қабылданатын болады, сонымен бірге Республикалық жедел әрекет ету штабы теміржол қатынастарын іске қосуға мәселені пысықтайды. Одан бөлек, әуе сапарлары үшін зертханалық тестілеу жүргізу мәселесіне қатысты тиісті шешім жасалатын болады", - деді ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталатынын мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854893-sak-pen-pojyzga-otyru-sin-koronaviruska-test-tapsyru-kazet-pe/