Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалғыз өзі жауды тұтқындап, қорғанысын бұзған": Соғыста болған қазақ қаһармандары

Жарияланған күні:

Бүгін, 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдық мерейтойы. Барша Қазақстан халқы Екінші дүниежүзілік соғыста жеңістің дәмін қатар көрген өзге де ұлт өкілдерімен бірге өз ата-бабаларының ерлігін еске алып, оларға тағзым етіп, құрмет көрсетуде. Осы орайда, KAZ.NUR.KZ порталы ұрпағына бейбіт күн мен тыныш өмір сыйлаған нағыз қаһармандар туралы оқырмандар жіберген мәліметті назарларыңызға ұсынады.

ррррр
Фото: Оқырмандардың мұрағатынан; коллаж: KAZ.NUR.KZ: Original

Қоғалбаев Молдабай Қоғалбайұлы 1905 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

"1942 жылдың 16-қыркүйегінде соғысқа аттанып, осы жылдың бесінші желтоқсанына дейін Алматы қаласында #147 Батыс атты əскерлер полкында қызмет етіп, сол жылы 22-желтоқсанда Оңтүстік Кавказ майданына аттанды.

Мұнда да Орджоникидзе өлкесінде Моздок қаласын азат етуге қатысып, Краснодар өлкесінде, Дондағы Ростов қаласында болды.

1943 жылдың 22 ақпанында Таганрогта ауыр жарақаттанып, айға жуық Ростовтағы госпитальда болып, Свердлов облысының Жоғарғы Салда қаласында нөмірі 1845-госпитальға ауыстырылды. Жазылып шыққаннан кейін Элан станциясында 44-батыс бригаданда болып, 1944 жылы 22-наурызда Ленинград майданына жіберілді.

1944 жылы 10-маусымда шабуылға шыққан ол жеке өзі майдан даласында екі немісті тұтқындап, штабқа алып келген. Бұдан кейін солдаттармен бірге үш немісті қолға түсіріпті. Осы еңбектері үшін ол "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталды.

Одан кейін жаудың қорғанысын бұзып шыққаны үшін ІІІ дәрежелі Даңқ орденін төсіне тағады.

1944 жылдың 12-маусымында қолынан және басынан ауыр жарақаттанып, финдердің тұтқынына түседі. Одан соң Финляндияның Ханке қаласында ауруханада ес жияды.

1944 жылдың 1-қазанына дейін ауруханада болып, 13-інде шахтаға жұмысқа жіберіледі.

1945 жылдың 1-желтоқсанында туған жерге қайтып оралған.

Жарқын болашақ сыйлаған атама мың тағзым! Өмірі ұрпаққа өнеге. Ұлы жеңіс - асқан төзімділік пен отанға деген сүйіспеншіліктің жемісі", - деп жазады Зинур Қолғабаева өзінің хатында.
ррррр
Молдабай Қоғалбайұлы. Фото: жеке мұрағат: Original

KAZ.NUR.KZ порталына келіп түскен тағы бір хатта 1917-1988 жылдары өмір сүрген Ұлы Отан соғысының ардагері Елеманов Бектембай туралы жазылған.

"Менім атам Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысып, оқ пен оттың ортасындағы шайқастарда жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсеткен.

Атам 897 атқыштар полкінде командир болып, батыс Украина, Смоленск, Курск, Карпат қалаларын неміс басқыншыларынан босату ұрыстарына қатысқан.

1944 жылы Севастополь қаласын жаудан босатып, жеңіспен 1946 жылы туған жерге табан тіреген. Алайда соғыста ауыр жараланып, мүгедек болып оралған.
Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен еңбектері ерлігі үшін орден-медальдармен марапатталғанын мақтанышпен айтуыма болады. Өмірінің сонына дейін аудандық қаржы бөлімінде инспектор болып абыройлы қызмет атқарды", - деп жазады ардагердің немересі.
ррррр
Елеманов Бектембай. Фото: Жеке мұрағат: Original

Бухаев Тілеужан Тәжібайұлы 1912 жылы 10-қарашада Ақтөбе обылысының қазіргі Шалқар ауданында туған.

"1942 жылдың 23-ақпанында өзі сұранып соғысқа аттанады. Арнайы дайындықтан өткеннен кейін, 1942 жылдың 7-қыркүйегінен бастап Қызыл Армияның құрамына кіретін “Колонны Паровозов Особого Резерва НКПС № 67”– деп аталған паровоз колоннасында ұрыс даласындағы фронт магистралінде болады.

1945 жылдан 1946 жылдың тамыз айына дейін Қиыр Шығыс темір жол округі бағытындағы Транссібір магистралі- Байкал маңы, Чита, Иркутск қаласының Ленинский әскери комитетіне қарасы әскери теміржолшы машинист көмекшісі қызметін атқарады.

Қызыл Армияның құрамында тұрған әскери теміржолшылар фронт магистралінде күні-түні ұйқысыз, үздіксіз артиллериядан атқылаған оқ пен оттың астында, әуеден түскен бомбалар жарылысының арасынан аман қалып, тынбай еңбек етіп жауға ерлікпен қарсы тұра білді.

Ауыр артиллерия мен танктер тиелген эшелонды жау самолетінің бомбасынан сақтау үшін біресе тежегішті тартып, біресе жылдамдықты үдетіп, қалай да аман сақтауға тырысқан. Дүркін-дүркін айналып келген соққыдан аман өткендер де болған, жау бомбасы астында қалғандар да болған. Осындай ауыр күндерді басынан өткізген әскери теміржолшылардың әрбір рейісі ерлік болып саналды.

Дәл осы жолда жан аямай еңбек етіп, ерлік көрсеткен әскери теміржолшылардың ішінде менің әкем Тілеужан Тәжібайұлы да бар еді.

ррррр
Тілеужан Тәжібайұлы. Фото: жеке мұрағат: Original

Сол кездегі Қиыр Шығыс темір жол округының бастығы I Ранг Генералы В.А. Гарнык 1945 жылдың тамыз айында “ Колонны Паровозов Особого Резерва НКПС № 67 ” Паровоз машинисінің көмекшісі Бухаев Тлеужанды «Отличный паравозник» төсбелгісімен марапаттайды.

1946 жылы Иркутск қаласы Лениский аудандық әскери комитеті СССР Жоғарғы Советі Президиумының атынан «За победу над Германией в Великой Отечественной войне – 1941-1945 гг» медалімен, «За отвагу» медалімен, 1946 жылы 17 қазанда «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг» медалімен марапатталған.

Еңбегімен елге танылып, білімді ұл-қыз өсіріп, соңында еңбегі мен ерлігін мақтан тұтар немере, шөберелері бар Тілеужан Тәжібайұлы өмірдің қиындығы мен қызығын бірдей көріп 1995 жылы 83 жасында дүниеден өтті.

Совет Одағының Батыры, Халық Қаһарманы болмаса да, өз ұрпағына батыр, қаһарман болып қала береді. Өзі өлсе де артында өшпейтін ісі мен ізі бар", - деп жазады Тілеужан Тәжібайұлының қызы редацияға жолдаған хатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854965-zalgyz-zi-zaudy-ttkyndap-korganysyn-bzgan-sogysta-bolgan-kazak-kaarmandary/