Нұр-Сұлтанда коронавирусқа шалдыққан әйел дені сау баланы өмірге әкелді
Жарияланған күні:
Нұр-Сұлтанда коронавирус індетіне шалдыққан әйел дені сау баланы өмірге әкелді. Дәрігерлер сәбидің құрсақта инфекция жұқтырып алуынан қорықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Астана тұрғыны босануға небәрі екі-ақ күн қалғанда коронавирустан емделіп шыққан. Бұл туралы akimat_nur_sultan Instagram парақшасында мәлім болды.
Дәрігерлер науқасты босандырған кезде оның тапсырған сынамалары теріс нәтиже көрсеткеніне қарамастан, қорғаныс киімдерінде болған. Олар сәбидің құрсақта инфекция жұқтырып алуынан қорыққан.
Науқас КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес толық ем алды. 9 мамыр қарсаңында әйел адам дені сау сәбиді дүниеге әкелді.
"Әйел адам босанғанға дейін екі күн бұрын Covid-19 нәтижесі теріс болғанына қарамастан, баланың құрсақта коронавирус жұқтырып алу қаупі болды. №1 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік блогының бригадасы – гинеколог-дәрігер Владимир Калашников, неонатолог-дәрігер Татьяна Евтюшкина және акушер Гаухар Дүйсенбаева, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері екі адамның өмірі үшін күресті.
Нәтижесінде, сәбидің дені сау, COVID-19 талдау нәтижесі теріс. Қазір ана мен бала өздерін жақсы сезінеді", - деп хабарлады елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.⠀
Соңғы деректерге сәйкес, Нұр-Сұлтанда 1049 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 369 адам аурудан емделіп шықты.
Жалпы, Қазақстан бойынша науқастар саны 5 мыңнан асып кетті.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855027-nr-sltanda-koronaviruska-saldykkan-jel-deni-sau-balany-mirge-keldi/