Елімізде тағы 20 адамнан коронавирус анықталды
Опубликовано:
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 20 дерегі тіркелді. Осылайша, елімізде науқастар саны 5056-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 10 мамыр 12:35-тегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, тағы 20 адамнан инфекция анықталды.
Атап айтқанда:
Алматы облысында - 1,
Атырау облысында - 2,
Батыс Қазақстан облысында - 1,
Түркістан облысында - 1,
Алматы қаласында - 7,
Нұр-Сұлтан қаласында – 4,
Шымкент қаласында - 4 жаңа дерек тіркелді.
Жалпы, Қазақстан бойынша науқастар саны 5056-ға жетті. Олардың ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында – 1053,
Алматы қаласында – 1578,
Шымкент қаласында – 233,
Ақмола облысында – 109,
Ақтөбе облысында – 172,
Алматы облысында – 183,
Атырау облысында – 298,
Шығыс Қазақстан облысында – 48,
Жамбыл облысында – 178,
Батыс Қазақстан облысында – 240,
Қарағанды облысында – 191,
Қостанай облысында – 61,
Қызылорда облысында – 229,
Маңғыстау облысында – 120,
Павлодар облысында – 154,
Солтүстік Қазақстан облысында – 34,
Түркістан облысында – 175 адам.
Айта кетсек, жалпы елімізде 1828 науқас коронавирус індетінен емделіп шықты.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855030-elimizde-tagy-20-adamnan-koronavirus-anyktaldy/