Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайлық ару интимдік қатынасқа түсуден бас тартқаны үшін таяқ жеген (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде өзін таныс жігіттің ұрғанын айтқан бойжеткеннің үндеуі пайда болды. Қостанайлық арудың сөзінше, оған өз танысы жыныстық сипаттағы қорлық көрсетпек болған. Артынша айтқанына көне қоймаған қызға қол жұмсаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қостанайда бойжеткенді ұрған жігіттің үстінен іс қозғалды
Фото: Facebook/ Dina Tansari: Getty Images

Қостанай тұрғынының видеосымен НеМолчиKZ қоғамдық қорының өкілі Дина Таңсәрі өз Facebook парақшасында бөлісті.

Онда көзі жасқа толған, беті көгерген бойжеткен танысынан қорлық көргенін жасырмай айтады.

"Менің атым Лаура. 10 мамыр күні құрбыма бардым. Онда арамызда ешқандай байланыс жоқ танысым да болды. Ол маған тиісіп, интимді жерлерден ұстай бастады. Мен бас тартқаныммен, ол бұл әрекетін дөрекі түрде жалғастыра берді. Екінші рет тойтарыс бергенде, ол менің бетімнен ұрды. Мен оны қылмыс жасады деп есептеймін. Ол заң алдында жауап беруі тиіс",- дейді ол.

Дина Таңсәрі күдікті азаматтың аты-жөнін атап, Қостанай полициясынан шара қолдануды талап етті.

Ал бүгін бойжеткенге сексуалдық сипатта қорлық көрсеткен азаматқа қатысты іс қозғалғаны белгілі болды.

ҚазАқпарат хабарлауынша, қазір полиция осы факті бойынша ҚР ҚК 121-бабымен ("Жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері") сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесі анықталады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олар аяқталғаннан кейін түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады. Сонымен қатар, аталған оқиғаның қатысушылары ТЖ режимін бұзуғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Қылмыстық істі тергеу Қостанай облысы полиция департаменті тергеу басқармасына жүктелді", - делінген полицияның ақпаратында.

Айта кетейік, бұған дейін өз әйелі мен екі қызын тірідей өртеп жіберген БҚО тұрғыны туралы хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855146-tanys-zigitten-taak-zegen-kostanajlyk-aru-zanajkajyn-zetkizdi-video/

pixel