Қызылорда облысында да карантин режимі ұзартылды
Жарияланған күні:
Еліміздің тағы бір өңірінде карантин режимі ұзартылды. Бұндай шешімді Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігері қабылдады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Аймақта карантин режимін ұзарту коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр.
Карантин облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін сақталмақ.
Сонымен қатар өңірде шектеу шараларын жеңілдетудің үш кезеңі жарияланған.
- Бірінші кезеңде, 11 мамырдан бастап, жұмыс істеуге рұқсат берілді. Алғашқы кезекте шектеулі уақыт бойынша бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын дүкендерге рұқсат етілді.
Отырғызу орындардың санына сәйкес уақыт шектеуі бойынша қоғамдық көліктер сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін қатынай алады.
Сондай-ақ, қоғамдық моншалар шектеулі уақыт бойынша көпшілікті қабылдай алады. Шектеулі уақыт бойынша 30 адамнан аспайтын мәдениет және спорт нысандарының жұмысына рұқсат беріледі.
Одан бөлек сағат жөндеу шеберханаларына, химиялық тазалауға, фотосалондарға, жарнамалық агенттіктерге, сұлулық салондарына, мал базарларына құрылыс материалдары базарларына жұмыспен қамту орталықтарына рұқсат етіледі.
- Ал екінші кезең 18 мамырдан басталады. Бұл уақытта балабақшалардың кезекші топтарына, көрермендердің қатысуынсыз 50 жұмысшыдан аспайтын мәдениет және спорт нысандарының, алдын ала жазылу негізінде шектеулі уақытпен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына рұқсат беріледі.
- Ал 25 мамырдан басталатын үшінші кезеңде қонақ үй кешендеріне, отельдерге, сауда ойын-сауық орталықтарына рұқсат етіледі.
Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 5138-ге жеткен. Олардың 230-ы Қызылорда облысында тіркелген.
Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстау облысында карантин шаралары 25 мамырға дейін жалғасатынын, Ақтөбе облысында да карантин режимі сақталатынын хабарлаған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855171-kyzylorda-oblysynda-da-karantin-rezimi-zartyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.