5279-ға жетті: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 36 адам тіркелді
Жарияланған күні:
Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 36 адам тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясы расталғандар саны 5279-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Науқастардың алтауы Шымкент қаласынан, 26-сы Алматы қаласынан, жетеуі Жамбыл облысынан анықталды.
Қазақстан бойынша барлығы - 5279.
Нұр-Сұлтан қаласы – 1103
Алматы қаласы – 1622
Шымкент қаласы – 245
Ақмола облысы – 110Ақтөбе облысы – 176
Алматы облысы – 183
Атырау облысы – 340
Шығыс Қазақстан облысы – 51
Жамбыл облысы – 192
Батыс Қазақстан облысы – 255
Қарағанды облысы – 197
Қостанай облысы – 68
Қызылорда облысы – 231
Маңғыстау облысы – 130
Павлодар облысы – 154
Солтүстік Қазақстан облысы – 36
Түркістан облысы – 186.
Айта кетейік, қазіргі уақытта әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 4 млн 250 мыңнан асты. Бүкіл мерзім ішінде қауіпті вирустан 287 мың адам қайтыс болып, 1 млн 5 мыңнан астам адам ауруынан айыққан.
Статистикаға сүйенсек, АҚШ ауру жұқтырғандар мен індеттен көз жұмғандар саны бойынша көшбасшы болып қала бермек. Қазіргі уақытта елде 1 миллион 385 мыңнан астам адам тіркелген. АҚШ-тың 81 мыңнан астам азаматы қайтыс болды. Тәулік ішінде 20 мыңға жуық тұрғын коронавирус жұқтырған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855359-5279-ga-zetti-kazakstanda-koronavirus-zktyrgan-tagy-36-adam-tirkeldi/