RU

22 жастағы ару Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі атанды

22 жастағы бойжеткен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың штаттан тыс кеңесшісі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Фото: Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Фото: Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет: UGC

Самира Тайтенова 22 жаста. Ол AQMOLA - Adaldyq alańy жобалық кеңсесін басқарып отыр.

Бойжеткен әкім кеңесшісі ретінде жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерімен айналысатын болады.

Самира Ақмола облысының тумасы болып шықты. Мамандығы - заңгер. Ол өзінің еңбек жолын "Жас Отан" өңірлік филлиалынан бастаған.

22 жастағы ару жемқорлықты жоюға бағытталған әрекеттері үшін Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің алғыс хаттарымен марапатталған болатын.

Әкімдік өкілдері бойжеткен қарапайым отбасыдан шыққанын мәлімдеді. Оның анасы Степногорск қаласында тұрады. Самираның өзі Көкшетау қаласында Сәтпаев 1 мекен жайы бойынша жұмыс істейді.

Ол ғимараттың бірінші қабатындағы кабинетінде бюрократиялық былықтар мен жемқорлық әрекеттерге қатысты арыз-шағымдарды қабылдайды.

Айта кетейік, бүгін, 12-мамырда Алматыға Қасым-Жомарт Тоқаев ұшып келді. Мемлекет басшысы оңтүстік астанаға жұмыс мапарымен келген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855362-22-zastagy-aru-akmola-oblysy-kimini-keessisi-atandy/