jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Біртанов: Медбикелер пандемиямен күресте алдыңғы қатарда тұр

: UGC

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов отандық медбикелерді Халықаралық медбикелер күнімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Қымбатты, құрметті медбикелер! Сіздерді Халықаралық медбикелер күнімен құттықтаймын! Өзім де жұмысты Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада және Жедел медициналық көмек ауруханасында мейіргер болып бастадым.
Сондықтан, тәулігіне 24 сағат кезекшілікке түскенде төзім мен шыдамдылықтың аса қажет екенін мен өз тәжірибемнен жақсы білемін: түрлі процедура жасайсың, науқастарға дәрі егу, жансақтау бөлмесіндегі жағдайы ауыр пациенттерді түнімен күзету қажет, мұндайда адамда "міндетімді сәтті атқарсам" деген ой ғана болады.
Сіздер атқарып отырған жұмыс - қайырымдылық, мейірімділік пен гуманизмге негізделген. Бұл қасиеттер медициналық ақ халат киген әрбір маманға үлкен жауапкершілік жүктейді", - деді министр.

Біртановтың сөзінше, әлемдегі медицина қызметкерлерінің жартысынан көбі медбике және олар денсаулық сақтау жүйесінде өмірлік маңызды қызмет атқарады.

"Көбіңіз осы мамандыққа әбден бейімделіп алдыңыз, тіпті, көмекке мұқтаж адамдарға шынайы қызмет ету – өмір сүру салтына айналды. Жалпы, науқасты емдеу ісінде мейірбикелердің еңбегі өте маңызды.

Бүгінде медбикелер адам денсаулығына қауіп төндіретін эпидемия, пандемиямен күресте де алдыңғы қатарда тұр. Бүкіл әлемдегі медбикелер COVID-19 қасқайып қарсы тұруда.

Еліміздегі мейірбикелер мен мейіргерлерге министрліктің атынан алғыс білдіремін. Өз істеріңізге деген адалдық пен пациенттерге деген қайырымға, мейірімге толы қарым-қатынастарыңыз үшін көп рақмет!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және сәттілік тілеймін", - деп жазды министр Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Біртанов: Медбикелер пандемиямен күресте алдыңғы қатарда тұр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.