Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге алатын тұрғындарға өтініш беру сайты ашылды
Жарияланған күні:
Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңнге алуға арналған жаңа сайт ашылды. Бұл туралы елордалық әкімдіктің iKomek бірыңғай байланыс орталығы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.
Өтемақы алу үшін Komtolem.kz сайтына кіріп, ең алдымен жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу керек.
Жүйе автоматты түрде өтініш берушінің тізімде бар-жоғын тексереді.
Егер тұрғынға өтемақы берілуі тиіс болса, бірақ жеке сәйкестендіру нөмірі базада болмаса, +7 (7172) 28 09 59 нөміріне хабарласқан жөн.
Сайтта өтінішті @KOMTOLEM_BOT Telegram-боты арқылы жіберуге болатыны да көрсетілген.
Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгені кімдер алады:
- 1, 2, 3 топ мүгедектері;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- көпбалалы отбасылар;
- ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
- төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
- атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.
Еске сала кетсек, осыған дейін коммуналдық шығындар үшін 15 мың теңге қашан берілетінін жазған болатынбыз.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855494-kommunaldyk-kyzmet-sin-15-my-tege-alatyn-trgyndarga-tinis-beru-sajty-asyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.