Ақмола облысында пәтердегі ваннадан қарт әйелдің денесі табылды
Опубликовано:
Ақмола облысанда 18 жастағы студент пен 82 жастағы әйелдің денесі судан табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақмола облысы төтенше жағдай жөніндегі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство ақпарынша, Қарлыкөл ауылындағы жекеменшік үйдің ваннасынан 1938 жылы туған келіншектің денесі табылды.
Алдын ала ақпарат бойынша, зейнеткер тұншығып қалған болуы мүмкін, себебі полиция ешқандай азаптау белгісін тапқан жоқ.
Қазір құқық қорғау органдары әйелдің ваннаға қалай құлап кетуі мүмкін екенін анықтап жатыр. Марқұм қант диабеті мен гипертониямен ауырғандықтан, қайғылы жағдайға ауру да себеп болуы мүмкін.

Ал Қорғалжың ауданында елордалық колледждің 18 жастағы студенті қайғылы жағдайға ұшырады.
Сабынды ауылының тұрғыны кеше кешкі сағат бес шамасында Нұра өзеніне шомылуға барып, батып кеткен. Жас жігітті іздеу жұмыстарына сүңгуірлер шақырылды.
Жасөспірімнің денесі бүгін, 14 мамыр күні таңертең табылды.
Айта кетейік, 13 мамыр түнде Түркістан облысында жауын-шашын салдарынан бірнеше үй мен аулаларды су басты. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялады.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855739-akmola-oblysynda-pterdegi-vannadan-kart-jeldi-denesi-tabyldy/