Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 маусымнан бастап пойыз жүреді: Жолаушылар қандай талаптарды білуі тиіс

Опубликовано:

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов пойыздарда негізгі санитарлық-карантиндік шараларды белгілейтін қаулыға қол қойған. Құжат тек тасымалдаушылар жұмысына қатысты емес деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Тиісті құжатты тасымалдау саласындағы кәсіпорындар, вокзал әкімшілігі мен көлікке қызмет көрсету ұйымдары басшылыққа алмақ.

Оған сәйкес, вокзал ғимаратына тек билеті бар жолаушылар кіргізіледі. Жолаушылар маска тағып, ал жолсеріктер бетперде және қолғап киюге міндетті.

Шығарып салушыларға вокзал ғимаратына кіруге рұқсат жоқ. Олар туысқандарымен сыртта қоштасуы керек.

Вокзалдың қауіпсіздік қызметі кіре берісте барлық адамның дене қызуын тексеруі қажет.

Байғабылов вокзал ішінде, пойызға отырарда және одан түсерде жолаушылар арасында әлеуметтік ара қашықтық сақталуы тиіс екенін де атап өтті.

Оның сөзінше, вагондар арасында жолаушылардың қозғалысы шектелмек.

Пойыз қозғалғанан кейін жолсеріктер жолаушыларға анкета таратады.

Сонымен қатар, жылжымалы құрам вагондарында кондициялау, желдеткіш жүйелері мен желдеткіш сүзгісін ауыстыруға ревизия жүргізіледі.

Сондай-ақ, вокзал мен пойыздарда жұмыс істейтін қызметкерлер әр ауысым алдында медициналық тексерістен өтеді.

Егер жағдай тұрақталса, бұл шаралар кезең-кезеңмен жеңілдетіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін 1 маусым бастап елімізде пойыздардың жүре бастайтынын хабарлаған едік.

Бұндай шешім премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855765-1-mausymnan-bastap-pojyz-zredi-zolausylar-kandaj-talaptardy-bilui-tiis/

pixel