Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин кезінде блок-бекеттерде пара алған полицейлерге сот үкімі шықты

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері онлайн-брифинг барысында Алматы мен Атырау қалаларының полиция қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шыққанын мәлімдеді. Тәртіп сақшылары карантин кезінде блок-бекеттерде пара алғаны үшін айыпталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушісі Данияр Бегайдаровтың мәліметінше, екі сот процесі де мамыр айында өткен екен.

Нақтырақ айтсақ, Алматыда полиция қызметкері блок-бекетте 20 мың теңге пара алғаны үшін бір жылға сотталған. Ол бұл ақша үшін рұқсаты жоқ автокөлікті бекеттен өткізіп жіберген. Сонымен қатар сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған.

Ал Атырауда полиция инспекторына 15 мың теңге пара алғаны үшін 100 мың теңгеден аса айыппұл салынған. Ол да параны автокөлікті бекеттен өткізу үшін алған болып шықты.

Бұдан бөлек, құзырлы органның тағы екі қызметкеріне сот үкімі шыққан.

Олардың бірі- оралдық полицей 70 мың теңге пара алғаны үшін 1,7 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелген. Ол бұл ақша үшін аңшылық қаруға рұқсат қағаз берген. Тәртіп сақшысы капитан шенінен айырылып, өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді.

Сонымен қатар, сот әскери полицейді 15 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттеді. Алматы гарнизонының жедел әрекет ету бөлімінің бастығы 1 млн теңге алып, ол ақшаға әлдебір азаматты әскери полицияға орналастыруға уәде берген.

Әскери полицей подполковник шенінен айырылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Айта кетейік, бұған дейін қорғаныс министрлігінің қызметкерлері де жемқорлық бойынша күдікке ілінгенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855811-karantin-kezinde-blok-beketterde-para-algan-policejler-sottaldy/

pixel