Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екінші толқыны болуы мүмкін": ДДСҰ Еуропа елдеріне ескерту жасады

Опубликовано:

Биылғы күзде Еуропа елдері COVID-19-дың екінші толқынына немесе басқа жұқпалы ауруға дайын болуы керек. Бұл туралы 14 мамыр күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық бюро директоры Ханс Клюге айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Известия басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Клюгенің мәліметінше, соңғы апталарда коронавирустан болған өлім мен инфекция жұқтыру саны азайғанымен, үкіметтегілер карантин шараларын доғарар кезде мұқият болуы тиіс.

"Мені екінші толқын қатты алаңдатады. Күзде COVID-19-дың екінші толқыны және маусымдық тұмаудың немесе қызылшаның тағы бір толқыны болуы мүмкін", – деді шенеунік.

Бұған дейін ДДСҰ-ның Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович әлем коронавирус инфекциясының екінші толқынынан айналып өте алмайтынын айтқан болатын. Бұл болжамның себебі вирусқа қарсы иммунитеттің аз болуында.

Сонымен бірге, Ресей ғылым академиясының академигі Сергей Недоспасов та вакцина әзірленбеген жағдайда, COVID-19 екінші толқынның болуы мүмкін екенін жеткізген.

Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа түрі "ешқашан жоғалмауы мүмкін" және СПИД ауруын тудыратын HIV сияқты тұрақты түрде кездесетін вирусқа айналуы ықтимал екенін айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855886-ekinsi-tolkyny-boluy-mmkin-dds-europa-elderine-eskertu-zasady/

pixel