Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Елордада көз жұмған әйел дәрігер болып қызмет еткен

Опубликовано:

15 мамыр күні Нұр-Сұлтанда коронавирустан екі адам қайтыс болды. Екі науқас та 13 мамыр күні көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елордалық дәрігер коронавирустан көз жұмды
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысының сөзінше, марқұмдардың бірі дәрігер болған.

"1958 жылы туған науқас зейнетке шыққанына қарамастан, жекеменшік диагностикалық емдеу орталығында жұмыс істеген",- деді Айжан Иса.

Сондай-ақ, 13 мамыр күні астананың 1977 жылы туған тұрғыны көз жұмды. Жалпы Қазақстан бойынша 34 адам коронавирус инфекциясының құрбанына айналды.

  • Ал дүние жүзіндегі жағдайға келер болсақ, әлемде COVID-19 дертінен қайтыс болғандар 300 мыңнан асқан.

Өлім-жітім саны бойынша әдеттегідей Америка Құрама Штаттары көш бастап тұр. Мұнда COVID-19 инфекциясы диагнозымен сексен алты мыңнан аса адам ажал құшқан.

  • Көз жұмғандар саны бойынша екінші және үшінші орындарда Ұлыбритания мен Италия елдері тұр.

Көрші Ресей Федерациясында да коронавирус инфекциясын жұқтыру мен өлім-жітім саны артып келе жатқанын атап өткен жөн.

Бұл елде 250 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталып, қауіпті дерттен 2,3 мың ресейлік қайтыс болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855966-koronavirus-elordada-kz-zmgan-jel-driger-bolyp-kyzmet-etken/

pixel