Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18 мамырдан бастап Жамбыл облысында карантинді жеңілдетудің үшінші кезеңі жоспарлануда

Опубликовано:

18 мамырдан бастап Жамбыл облысында карантиндік шараларды жеңілдетудің үшінші кезеңі көзделуде. Тиісті шешімді өңірдің жедел штабы коронавирусқа қатысты ахуал тұрақтанған жағдайда қабылдайтын болады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Depositphotos

Мәселен 18 мамырдан бастап шаштараздар мен сұлулық салондарының (алдын-ала жазылу бойынша), сыйымдылығы 30 адамнан аспайтын шағын мейрамханалар мен дәмханалардың, қоғамдық тамақтандыру орындарының ашық ауада жұмыс жасайтын жазғы алаңдары, азық-түлік сауда нысандары мен базарлардың жұмысын қайта жандандыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, жедел штаб отырысында қазіргі таңдағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, басқа да коммерциялық және әлеуметтік нысандар сияқты қоғамдық көліктердің жұмысын қалпына келтіру мәселесі қаралмақ.

Олардың қызметін қалпына келтірудің міндетті шарты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау болып табылады.

Жедел штабтың нақты шешімі туралы 18 мамырда облыс тұрғындарына бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы хабарланатын болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін әр өңірдегі карантин сол аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жеңілдетілетінін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856052-18-mamyrdan-bastap-zambyl-oblysynda-karantindi-zeildetudi-sinsi-kezei-zosparlanuda/

pixel