Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2021 жылы "Евровидение" өтетін жер анықталды

Опубликовано:

"Евровидение" халықаралық ән байқауы 2021 жылы Роттердамда өтетін болды. Бұл туралы халықаралық шараны ұйымдастырушылар мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

2021 жылы "Евровидение" өтетін жер анықталды
Фото: Первый канал: UGC
"Еуропалық хабар тарату одағы және Нидерландыдағы байқауды ұйымдастырушылар 2021 жылы "Евровидениені" Роттердамда өткізу туралы шешім қабылдағандарын қуана хабарлайды",– делінген хабарламада.

"Евровидение" ұйымдастырушылары бүкіл әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020 жылы байқауды тоқтатуға шешім қабылдады. Көршілес Ресей елінен "Евровидение" байқауында Little Big тобы Uno әнімен қатысуы керек болатын.

Ережеге сәйкес, биылғы әндер келесі жылы "Евровидениеде" қалай болғанда да ұсыныла алмайды, әр елдің әртістерін таңдау хабар таратушылардың мойынында. Толыққанды сайыс өткізудің орнына ұйымдастырушылар әртүрлі елдердің әртістерімен бірге музыкалық шоу өткізуді ұйғарған.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Хабар" арнасы "Евровидение: Europe Shine a light" музыкалық шоуын көрсететінін хабарлаған болатынбыз. Жоба жүргізушілері – актриса әрі тележүргізуші Шанталь Янзен,  әнші Ян Смит және әнші Эдсилия Ромбли.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856109-2021-zyly-evrovidenie-tetin-zer-anyktaldy/

pixel