RU

Нұр-Сұлтандағы АҚШ елшілігінде ЛГБТ жалауы ілініп тұр

Қазақстандағы АҚШ елшілігінің ғимаратында ЛГБТ қауымдастығының кемпірқосақ түстес туы ілініп тұр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы NewTimes агенттігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтандағы АҚШ елшілігінде ЛГБТ жалауы ілініп тұр
Фото: instagram/usinkz: Depositphotos

Бұл 17 мамырда аталып өтетін гомофобияға қарсы халықаралық күнмен байланысты көрінеді.

Тудың суретін АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Instagram парақшасында жариялаған:

"Бүгін біз жыл сайын Халықаралық гомофобияға, бифобияға және трансфобияға қарсы күнді атап өтудеміз (IDAHOBiT).

Қазақстанда, әлемнің басқа елдеріндегі секілді, ЛГБТИ қауымдастығының көптеген өкілі зорлық-зомбылық немесе стигматизация қорқынышынан үнсіз отыр. Адам құқығы жалпыға бірдей және ЛГБТИ қауымдастығының өкілдері басқалар сияқты құрметке, бостандық пен қорғауға құқылы.

Біз бүкіл әлемдегі адамдардың жыныстық бағдар, гендерлік ұқсастық пен өзін-өзі көрсету немесе жынысына қарамастан, барлығының қадір-қасиеті мен теңдігін қолдаймыз", – делінген жазбада.

Еске салсақ, карантин кесірінен Қостанайда қалып қойған трансгендер-бойжеткенді кеше кешке қалалық полиция департаментіне шақыртып, оған қандай жаза қолданатыны жөнінде шешім қабылданды. Ол желіде күзет қызметкерлері оны шашынан сүйреп тасыған видеоның арқасында танымал болған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856143-nr-sltandagy-aks-elsiliginde-lgbt-zalauy-ilinip-tr/