Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ орбитаға құпия әскери ғарыш кемесін ұшырды

Опубликовано:

АҚШ әскери-әуе күштері құпия миссияға арналған X-37B ғарыш кемесі бар Atlas V үдеткіш зымыранын сәтті ұшырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

АҚШ орбитаға құпия әскери ғарыш кемесін ұшырды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Сенбі күні АҚШ әскери-әуе күштерінің базасынан ұшырылған зымыран бір күн бұрын ұшуы кешек болған, алайда ауа райының нашарлауына байланысты кешіктірілген. Орбиталық сынаушы көлік (OTV) деп те аталатын ғарыш аппараты орбитаға жер серігін ұшырып, ғарышта күн энергиясын түрлендіру технологиясын меңгереді. Бұл орбиталық ұшқышсыз ұшақтың алтыншы миссиясы.

"Covid-19 құрбандарын еске алу және пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде тұрғандардың бәрінің құрметіне. Америка мықты",– деп миссия туралы жазылған зымыран маңдайшасында. X-37B - бұл құпия америкалық тестілеу бағдарламасы, ол туралы мәлімет аз. Бұрын Пентагон миссиялар мен ғарыш аппараттарының мүмкіндіктері туралы бірнеше ақпарттың бетін ашқаш болатын.

Мамыр айының басында АҚШ-тың әскери-әуе күштерінің хатшысы Барбара Барретт: "Бұл X-37B миссиясында басқа алдыңғы миссияларға қарағанда тәжірибе көбірек болады", – деді.

Бір тәжірибеде радиацияның тұқымдарға және басқа материалдарға әсері сыналады.

X-37B бағдарламасы 1999 жылы басталған. Ұшақ 2011 жылы АҚШ ғарыштық бағдарламасынан шығарылған басқарылатын ғарыш аппараттарының кіші нұсқасына ұқсайды. Ол жоспарлай алады, атмосфераның жоғарғы бөлігінен түсіп, ұшып-қону жолағына түсе алады.

Boeing-тің орбиталық дроны күн батареяларын орбитада қуаттау үшін пайдаланады, ұзындығы 29 футтан (9 м) асады, қанатының ұзындығы 15 футқа (4,5 м), салмағы 5 тоннаға жуық. Алғашқы миссия 2010 жылдың сәуірінде болған және сегіз айға созылды.

Соңғы миссия 2019 жылы қазанда аяқталды, орбитада 780 күн өткен соң, ұшақтың ғарышта өткізген жалпы уақыты жеті жылдан асты.

Қазіргі миссия қанша уақытқа созылатыны белгісіз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856217-aks-orbitaga-kpia-skeri-garys-kemesin-syrdy/

pixel