"Нағыз қазақ ақыретке аттанды": Танымал тұлғалар Бейсен Құранбектің қазасына аза тұтуда
Жарияланған күні:
Бүгін, 18 мамыр қазақ журналистикасы үшін қаралы күн болды. Ұзақ жылдар бойы ұлттық телевизия тізгінінде болған елге сыйлы әріптесіміз Бейсен Құранбектің қазасы туралы хабар барша қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. Тележүргізушіні жақын білген және онымен бірге жұмыс істеген танымал тұлғалар бүгін оны еске алып, аза тұтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бейсен Құранбек небәрі 49 жасына қараған шағында өмірден озды.
Белгілі журналистің қайтыс болғаны туралы қаралы хабар еліміздің әрбір тұрғынын бей-жай қалдырмағаны анық.
Желіде "Айтуға оңай" мен "Қаракет" іспетті бағдарламаларда қоғамдық маңызы бар мәселелерді көтерген тележүргізушіні есіне алып, оған жантебірентерлік жазба арнап жатқан танымал тұлғалардың саны артты.
Олардың қатарында Ерлан Қарин, Аида Балаева, Динара Сәтжан, Мұхамеджан Тазабек, Асхат Садырбай, Сәбит Әбдіхалықов, Қымбат Досжан, Нартай Аралбайұлы, Жазира Байырбекова, Сәкен Майғазиев, Бағлан Әбдірайымов, Мейіржан Әлібекұлы, Қанат пен Света Айтбаевтар, Ғабит Бибасұлы, Гүлмира Дайрабаева және т.б. бар.
Бейсен Құранбекті жақсы білген танымал тұлғалар оның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, марқұм жайлы естеліктерімен бөлісті.
Айта кетейік, бұған дейін Бейсен Құранбектің желідегі соңғы жазбасы ел назарына ұсынылған болатын. Оған қоса, елге сыйлы журналисті соңғы сапарға шығарып салу облыстық деңгейде өтетіні хабарланды. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ол үшін арнайы комиссия құрды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856241-eli-sjetin-er-edi-tanymal-tlgalar-bejsen-kranbekti-kazasyna-aza-ttuda/