Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық қыздар шетелдікке тұрмысқа шығу үшін алаяқтарға миллиондап ақша берген

Опубликовано:

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері астаналық қыздардың қыруар ақшасын алаяқтық жолмен иемденген интернеттегі алаяқтарды тергеп жатыр. Алаяқтар қазақстандықтарға шетелде жайлы өмір сүруге уәде беріпті деп хабарлайды Нұр-Сұлтан ДП баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астаналық қыздар шетелдіктерге тұрмысқа шығу үшін алаяқтарға миллиондап ақша берген
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Алаяқтардың құрбанына айналғандардың айтуынша, олар интернет арқылы өзге елдің азаматтарымен танысып, содан кейін ұзақ уақыт бойы хат-хабар алмасып, байланыс орнатқан.

Полиция дерегіне сәйкес, алаяқтар қыздардың сеніміне ие болу мақсатында құжаттарының көшірмесін сұратқан екен. Олар сондай-ақ қазақстандықтарға бітімгершілік қызметте істейтіндерін жеткізіп, сол себепті аудио немесе видео байланысқа шыға алмайтындарын айтқан.

Хат алмасу барысында алаяқтар қыздардан әртүрлі қажеттіліктерге үлкен көлемде ақша жіберуін өтініп, көндірген. Орнына олар Қазақстанға келіп, қыздарды шетелге тұрақты түрде орналастыруға алып кетуге уәде беріпті.

Алаяқтардың құрбаны болған қыздардың бірі "ғашығына" 13 миллион теңге жіберсе, екіншісі 6 миллион теңге жіберген.

Шетелдіктер осыдан соң байланысқа шықпаған. Полиция бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтарды қырағылық танытып, мұндай амалдарға бой алдырмауға шақырды.

Еске сала кетсек, Оралда полиция қызметкерінің әйелі күйеуінің ұрып-соққаны туралы хабарлаған. Аталған шулы іс бойынша қылмыстық және қызметтік тергеу басталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856244-astanalyk-kyzdar-seteldikke-trmyska-sygu-sin-alaaktarga-milliondap-aksa-bergen/

pixel