Алматыда мейрамханалар ашылады: Той жасауға рұқсат беріле ме
Жарияланған күні:
Алматы қаласында 25 мамырдан бастап сауда орталықтарының аумағында орналасқан мейрамханалар жұмысын бастайды. Бұл жерлерде банкеттер мен салтанатты тойлар өткізуге бола ма? Бұл сұраққа Алматы әкімдігі жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Алматыда 25 мамырдан бастап, алаңы 500 шаршы метрден астам 138 сауда нысандарының жұмысына қойылған шектеулерді алу жоспарланып отыр.
Жекелей алғанда, СҮ, СО, СОО аумағында орналасқан азық-түліктік емес бутиктер, сән салондары, химиялық тазалау және мейрамханалар жұмыстарын бастайды.
Қоғамдық тамақтандыру нысандарына келетін болсақ, 25 мамырдан бастап, қоғамдық тамақтандыру нысандарының жазғы алаңдарын қоса алғанда, жалпы саны шамамен 27 мың адамды құрайтын 3100 кәсіпорын жұмысын бастайды.
Олардың жұмысының негізгі шарты көрші столдағы отырған келушілердің ара-қашықтығының кемінде 2 метр болуын қамтамасыз ету және 1 столға 4 адамнан, бір отбасының мүшелерін айтпағанда, отырғызу болып табылады.
Қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмысы сағат 23:00-ге дейін рұқсат етіледі.
Бірінші кезеңде банкеттер мен салтанатты тойлар өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, аталған кезеңде қоғамдық тамақтандыру нысандарының аумағында жұмыс істейтін караоке, бильярд және көңіл көтеретін мекемелердің жұмыстарына тыйым салынады. Кальян жұмысына карантиннің бүкіл кезеңінде тыйым салынады", - деп хабардер етті әкімдіктен.
Ведомство мәліметінше, қалада бұрынғыдай карантин режимі жалғаса бермек.
Еске сала кетсек, осыған дейін 25 мамырдан бастап Алматыда қандай мекемелердің жұмысы қайта қалпына келетінін жазған болатынбыз.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856260-almatyda-25-mamyrdan-bastap-mejramhanalar-asylady-toj-zasauga-rksat-berile-me/