Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саунадағы даулы видеода бой көрсеткен прокурор жұмыстан шығарылды

Опубликовано:

Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаев жұмысынан босатылды. Ол төтенше жағдай режимі кезінде сот жүйесі қызметкерлерімен бірге саунада демалған. Мемлекеттік қызметкердің жұмыстан шығарылғанын Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар видеодан алынды
Кадрлар видеодан алынды: UGC
"Растаймыз, прокурор Шалғымбаев С.А. жұмыстан босатылды", – делінген қадағалау органының хабарламасында.

Айта кетейік, мамыр айының басында әлеуметтік желілерде сауна туралы даулы видео пайда болды. Жазба авторы карантин кезінде Алматы облысының прокуратурасы мен аудандық сот қызметкерлерінің демалып жүргенін айтқан.

Сол кезде облыстық сотта видеоны түсіріп жүрген адамның сот жүйесіне ешқандай қатысы жоқ екені айтылды. Ал бейнероликтің қалған кейіпкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізілетіні хабарланды.

Аталған видеодан кейін Жоғарғы сот аудандық сот төрағасының өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Еліміздің Бас прокуратурасы да аталған жайт бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді. Басты қадағалаушы орган тергеу нәтижесімен кейінірек таныстыруға уәде берген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856708-saunadagy-dauly-videoda-boj-krsetken-prokuror-zmystan-sygaryldy/

pixel