Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Iphone телефондарын ерекше тәсілімен ұрлаған ақтөбелік азамат әшкере болды

Опубликовано:

Ақтөбелік полицейлер iPhone телефонына қатысты алты алаяқтық іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы азаматы ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам жүзін медициналық маскамен жасырып, өте шебер әрекет еткен.

Белгілі болғандай 5 сәуір күні күдікті бір күнге пәтер жалдаған. Iphone11 ұялы телефонын сатқысы келетіндердің хабарландыруын көріп, телефонды сатып аламын деген сылтаумен пәтерге шақырған.

Сатушыны медициналық маска тағып қарсы алған. Телефон иесін ас үйге кіргізіп, телефонды залда отырған әйеліме көрсетемін деп қашып кеткен. Шығын – 705 мың теңге.

6 сәуірде ол 1999 жылы туған басқа ақтөбелікті сан соқтырған. Күдікті пәтерді "Батыс-2" шағын ауданында жалдаған. Бұл жолы да  телефон иесін алдап кеткен. Шығын – 365 мың теңге.

"Қазір күдіктіге қатысты алты арыз келіп түсті. Ол тергеу изоляторына қамалды. Күдіктінің бұрын бірнеше рет сотталғаны анықталды. Аталған фактілер бойынша Қазақстан қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлімі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар полиция күдіктіден зардап шеккендерді полицияға хабарласуды сұрады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ақтөбелік мектеп оқушысының iPhone XS маркалы қымбат смартфонын қоғамдық көліктердің бірінде ұрлатып алғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856712-iphone-telefondaryn-erekse-tsilimen-rlagan-aktbelik-azamat-skere-boldy/

pixel