RU

Атырауда жоғалып кеткен бір жарым жастағы бала өлі күйінде табылды

Атырауда жоғалып кеткен бір жарым жастағы баланың денесі үй жанындағы септиктен табылды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Фото: Атырау қаласының полиция депаптаменті
Фото: Атырау қаласының полиция депаптаменті: UGC

Ведомство мәліметінше, баланың денесін полиция қызметкерлері ескі септиктен тапқан. Қазіргі уақытта нәрестенің өліміне байланысты сараптама тағайындалғаны белгілі болды. Тергеу жұмыстары басталды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Атырау облысында екіге толмаған сәбидің жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.

Нәрестені 500-ге жуық жергілікті тұрғын, полиция департаментінің қызметкерлері, төтенше жағдай комитетінің жұмысшалыраы, Ұлттық Ұланның сарбаздары іздестірді.

Әлидің анасы Ақ Жайық газетіне баласының тірі жүргенін "жүрегім сезеді" деген еді.

"Осы жерден біреу баланың адасып кеткенін көріп, үйіне  алып кеткен  болар деп ойлаймыз. Қазір бәрі тынышталғасын, әкеліп беретіндей көрінеді бізге. Оған дейін баланы ұрлап кетті деп жала жабады деп қорқып отырған шығар. Баламыз аман-есен деп сеніп отырмыз - деді туыстары.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856965-atyrauda-zogalyp-ketken-bir-zarym-zastagy-bala-li-kjinde-tabyldy/