Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құтқаруға болар еді": Ақтөбелік маман Бейсен Құранбектің соңғы күндеріне анализ жасады

Опубликовано:

Ақтөбеде нумерология, хиромантия саласының шебері болып танылған Айсара Өмірзаққызы Бейсен Құранбек туралы ерекше жазба жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram/hiromant_numerolog_aktobe, Instagram/beisenkuranbek
Фото: instagram/hiromant_numerolog_aktobe, Instagram/beisenkuranbek: Instagram

Өзінің Instagram парақшасында танымал журналистің туған күні мен қайтыс болған күніне арнайы кестемен анализ жасаған маман "оны құтқарып қалуға болатын еді..." деген өкінішін білдірді.

"Қазақ халқы үшін есімі ерекше бұл журналистің қазасы көп адамның жанына батты. Ауыр қайғы болды. Қарапайым халықтың қамын ойлайтын азаматтың өмірден өтуі көпке өкінішпен өксік әкелді.

Себебі, соңғы кездері қазақ телевидениесі жеңіл-желпі бағдарламаларға ден қойып, "әншілер не ішті, не жеді?" деген әңгімеден аспай қалды. Телевидениенің талабы төмендеді.

Ал Бейсен Құранбек хабарларында қиын тағдырларды ел алдына шығарып, оның шешімін табуды ұйымдастырды. Қарекет етсең қиындықтан шығудың да амалы болатынын көрсетті.

Бір ғана оқиға арқылы қазақ тағдырын, өмірін көрсетті. Шырылдап шындықты айтты. Мағыналы, ойлы хабарлардың жүргізушісі болғандықтар қазасы туралы хабардан барлық қазақтың қабырғасын қайысты.

Мен де үнсіз қала алмадым. Әлеуметтік желіге ойымды жаздым. Бірінші естігенде жалған ақпарат болар деп сенбедік. Жүрегі елім деп соққан осындай азаматтар өз денсаулығына көңіл бөлмей, өмірден ерте өтеді", – дейді эзотерик маман Айсара Өмірзаққызы.

Соңғы жылдары психоматрица саласын терең зерттеп жүрген Айсара Өмірзаққызы Ақтөбедегі ірі мекемелерде 20 жылдан аса бас есепші қызметін атқарған.

Соңғы төрт жылдан бері нумерология бойынша көпшілікке кеңес беріп жүр. Ал хиромантиямен үш жылдан бері айналысады.

  • Хиромантия – алақан сызықтары арқылы адам тағдырын болжайтын, саусақтың пішініне қарай оның сырларын оқитын маман.
"Өзім негізінен бас есепші болып 20 жылдай жұмыс жасадым. Сандарға өте жақын болған соң нумерология маған тез түсінікті, қызықты болды. Өте нақты.

Ал алақанмен жұмыс жасайтын хиромантия менің бала кезден арманым. Қолдағы сызықтарға мән беріп, соның шешімін тапсам деген арманмен Украина, Белоруссия хироманттарынан білім алдым. Алақан сырлары өте көп.

Мен Бейсен Құранбек туралы жазарда интернеттен ол кісінің алақанын іздедім. Бір қолын көтерген суреттері болса ондағы сызықтар арқылы мәліметтер жазғым келді.

Бірақ ондай сурет тапаған соң туған күніне байланысты беларусиялық хироманттың авторлық методикасымен жасалған бағдарламасымен мәлімет жазуға тырыстым.

Адамның жеті чакрасы болады. Сол аура күнделікті өзгеріп отырады. Бұл өзгерістерге байланысты адамның күні де солай өтеді.
  • Ауырып жатқан адамдардың жетінші чакрада періштелер қорғайтын күші бар. Сол өте төмендеп кеткенде адамның жағдайы нашарлайды. Таблицада бұл көрсеткіш жоғары болса, адам қандай жағдайдан да аман шығады.
Сол таблицаға салып, Бейсен Құранбектің туған күн, қайтқан күнін есептедім. Қайтар кезден бір күн бұрын ол кісінің басқа энергиялары төмен болғанымен өмірдің энергиясы көп, жоғары болды.
Қайтыс болған күні өмірдің энергиясы төмен, періштелердің қорғау күші де нөлді көрсетіп тұр. Тек сезімтал, көріпкелдік чакрасы қайтқан күні жоғары болған.

Мүмкін мамандарға хабарласса, халыққа "дұға тілек тілеңдерші" деген бір ауыз сөзін айтса көп тілегі орындалып, жақсарып кетер ме еді деген өкініш келеді.

Оның да себебі бар. Адамның жасына қарай есептелетін болжаммен қарасақ, жасы қауіпті кезең емес. 48 жас қате шешім қабылдайтын жылы. Бұл кісі алдыңғы жылдары емделген екен.
Дертіне ден қойып, шетелдік мамандарға емделсе жазылып кету мүмкіндігі жоғары болған. "После драки кулаками не машут". Десе де алтын адамды дер кезінде құтқара алмағанымыз өкінішті", – дейді Айсара Өмірзаққызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856971-ktkaruga-bolar-edi-aktbelik-maman-bejsen-kranbekti-sogy-knderine-analiz-zasady/

pixel