Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аудан әкімінің пикникте достарымен түскен суреті прокуратураның назарына ілікті

Жарияланған күні:

15 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланған болатын, ол ағымдағы жылдың 11 мамырында аяқталды. Осыған байланысты елде бірқатар шектеулер белгіленді, атап айтқанда, адамдардың топтап жиналуына шектеу қойылды. Алайда, бұл сақтық шаралары 9 сәуірде достарымен пикникке шыққан аудан әкіміне кедергі болмаған. Сонымен қатар, олардың суреттері әлеуметтік желі пайда болып, бақылаушы органдардың назарынан тыс қалмады деп хабарлайды Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Пикникте достарымен түскен аудан әкімінің суреті прокуратураның назарына ілікті
Әлеуметтік желідегі фото: Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі: UGC

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, мемлекеттік органдар мен Шардара ауданының басқа да кәсіпорындарының қызметкерлері 9 сәуірде табиғат аясына демалуға шыққан. Олардың арасында ауылдық округтің әкімі Жаушықұм Нұрсейітов, сондай-ақ өртке қарсы қызмет қызметкері Әлімханов та болған.

Достардың жиналуына "Энергопоток" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкері Базаровтың туған күні себеп болған. Оқиға орнынан түскен суреттер әлеуметтік желіде жарияланды. Аудандық прокуратура аталған факті анықталғаннан кейін жиналыстың басты себепкері Базаровқа қатысты әкімшілік іс қозғады. Нәтижесінде сот оған 27 мың теңгеден аса айыппұл салды.

Пикникте достарымен түскен аудан әкімінің суреті прокуратураның назарына ілікті
Әлеуметтік желідегі фото: Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі: UGC

Сонымен қатар, бақылаушы орган төтенше жағдайды бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі туралы актілерді енгізді.

Прокуратураның ұсынысын қарастырғаннан кейін аудан әкімі ауылдық округтің басшысы Нұрсейітовке қатаң сөгіс жариялады.

Өрт сөндіруші Әлімхановқа қызметіне толық сай еместігі туралы ескерту берілген. Ол үшін тікелей жетекшісі Туракулов қатаң сөгіс алды.

Еске салсақ, карантин кезінде қызметкерлерімен моншаға барған Шардара ауданының әкімі "сөгіс" алғаны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856976-audan-kimini-piknikte-dostarymen-tsken-sureti-prokuraturany-nazaryna-ilikti/