Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаным көзіме көрінді": Коронавируспен ауырған оралдық дәрігер отандастарына үндеу жолдады

Жарияланған күні:

Оралдық инфекционист дәрігер Әділбек Нұрымбет қазақстандықтарды коронавирусқа немқұрайлы қарамай, сақ болуға шақырды. Себебі ол өзі де COVID-19-бен ауырып, бұл вирустан адамға қалай әсер ететінін өз басынан өткерген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Келіншегіме де айпадым": Оралдық дәрігер коронавирус жұқтырғанын жақындарынан жасырған
Фото: facebook.com/adilbek.nurimbetov.9. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: UGC

Әділбек С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін тәмамдаған соң 2011-2014 жылдар аралығында Қызылордада қызмет еткен.

Ал 2014 жылдан бері Орал қаласындағы №4 емханада жалпы тәжірибелік дәрігер ретінде жұмыс істеп келеді.

Өзінің айтуынша, Оралда коронавирус көбейіп кеткен соң сәуір айының аяғында коронавирус жұқтырған пацинеттерді емдеуге шақырған екен.

"Сәуір айының аяғына таман емханада жұмыста жүргенімде мені Оралда коронавирус көбейіп кеткенін айтып, коронавируспен ауырған науқастарды емдеуге шақырды. Дәрігер, оның ішінбе инфекционист болған соң, тікелей борышым ғой деп дайындалып бардым. Барар алдында емханада COVID-19 ға ПЦР тапсырып алдым. Таза болған соң жұмысқа кірісіп кеттім", – деп бастады әңгімесін Әділбек Facebook-тегі парақшасында.

Ақ халаттылар қорғаныш киімдерін киіп, сақтық шараларын сақтап, пациенттерді емдеп, барынша түсіндіріп жүрген. Дегенмен сәуір айының аяғында бірнеше медициналық қызметкерлердің (дәрігерлер, медбике, санитар әйел адамдар) коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Ал сол коронавирус жұқтырғандармен тікелей қатынаста болғандарды соның ішінде Әлібекті де провизорлы стационарға жатқызып тастайды.

"Содан үш күн өткенде дене қызуым 37.3°С қа жоғарылап, басым, белім, буындарым қатты ауырғаны соншалық, жаным көзіме көрінді. Түнімен құсып шықтым. Ертеңіне менен тағы коронавирусқа анализ алды.
Ертеңіне менен тағы коронавирусқа анализ алды. Анализ қорытындысында менде коронавирус бары анықталып, жұқпалы ауруханаға әкеп жатқызды. Қызуым 37,2-37,3 градус айналасында болды. Басым, буындарым, белім ауырғаны күшеймесе басылмады.
Басымды көтере алмадым. Шынымды айтсам 5 күн нәр татпадым. Тамаққа тәбетім мүлдем болмады.
Өзім инфекционист болып жұмыс жасағанда қанша вирусты ауруларды емдей жүріп, арасында тұмаумен өзім де ауырдым. Бірақ дәл осындай ауруды көрген емеспін.
Температура 38,0-38,5 градус болғанда да парацетамол ішіп, жұмысымызды жалғастырып жүре беруші едік. Ал мына ауруда 5 күн басымды көтере алмадым. Оған жөтел мен кеудедегі қатты ауырсыну қосылды.
Өкпені КТ түсіргенде екі жақты пневмония анықталды. Қосымша тағы ем қосылды. 15 күн дегенде толық өзіме келдім. 24 күн жатып, екі рет анализ тапсырып, анализім таза болған соң бүгін ауруханадан шығып отырмын", – дейді ол.

Әділбек Нұрымбет карантин басталған кезде жұбайын ауылға жіберіпті. Ал өзінің ауру жұқтырып алғанын жайлы туыстарына тіс жармаған екен.

"Карантин басталғанда келіншегімді балалармен ауылға жіберген болатынмын. Келіншегімнің аяғы ауыр.
Коронавирус жұқтырып алғанымды әке-шешеме де, келіншегіме де айтпадым. Тек контактыда болғаным үшін карантинде жатырмын деп айтып келдім. Себебі олар не істей алады. Құр босқа уайымдағаннан басқа. Тек бүгін шыққан соң ғана ауырып емделгенімді, уайымдаудың қажеті жоқ екенін айттым. Соның өзінде уайымдап жатыр", - дейді инфекционист дәрігер.

Сөзін түйіндей келе Әділбек өз басынан өткен жағдайдың қорытындысы ретінде отандастарымызға кеңес берді.

"Айтайын дегенім коронавирус басқа жұқпалы ауруларға ұқсамайды. Өте ауыр өтеді, және ұзақ емделуді қажет етеді. Қандай ауру болса да 7-9 күннен аспайтын. Менің қасымда жатқандар да, бірге түскен медқызметкерлерде де менікіндей жағдай болды. Интоксткация, пневмония. Сондықтан бұл ауруға немқұрайды қарауға болмайды.
Мен жатқанда бір жігіт түсті. Коронавирус жұқтырған адаммен байланысты болған. Анализ алғанда анализі таза болып шыққан. Байланыста болғаны үшін 14 күн провизорный стационарға жат дегенді тыңдамай, айқайласып үйіне кетіп қалған. 5 күннен соң бүкіл отбасымен келіп түсті. Барлығында температура, жөтел, интоксикация.
Қазір барлығы жақсы. Бірақ қатты ауырған кезімді ойласам, жүрегім ауырып кетеді.
Абайлайық бауырлар", – дейді Әділбек Нұрымбет.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857238-dl-osyndaj-aurudy-krgen-emespin-koronaviruspen-auyrgan-oraldyk-driger-otandastaryna-ndeu-zoldady/