Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шәууәл айында 6 күн ораза ұстау міндет пе

Опубликовано:

Қазақстан мұсылмандары шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл қасиетті Рамазаннан кейін келетін Шәууәл айының ерекшеліктері туралы айтып берді KAZ.NUR.KZ порталы muftyat.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Twitter

Осы жылы Шәууәл айы 27 мамыр мен 1 маусым аралығында болады.

"Рамазан айының артынша келетін шәууәл айының да өзіне тән артықшылықтары бар. Пайғамбарымыз: Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейінгі шәууәл айында алты күн ораза тұтса, жыл бойы ораза тұтқанмен бірдей", – дейді (Муслим).  
Бұл ораза сауабының бір жылға пара-пар келуін былайша түсінуге болады. Алла Тағала Құран Кәрімде: "Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі", – деген (Әнғам:160). Ғалымдар шәууәл айындағы алты күн оразаның бір жылдық сауабын осы аятпен байланыстырады", - дейді Хасан Аманқұл.

Дін қызметкері сонымен қатар, шәууал айындағы оразаға қатысты мына мәселелерді де білген дұрыс дейді:

  1. Шәууәл айының оразасы нәпіл ораза болып табылады. Яғни, мұны ұстау, ұстамау әркімнің өз еркінде, оны ұстау ешкімге міндеттелмеген.
  2. Шәууәл айының нәпіл оразасы шәууал айында ғана ұсталады. Әрі оны ораза айт күнін өткізіп, кейінгі күндері бастаған дұрыс.  
  3. Бұл оразаны шәууәл айының басында, ортасында немесе аяғында үздіксіз яки күнара тұтуға болады. Бірақ айттың артынша кезекпен дереу бәрін ұстаған абзал.
  4. Рамазан айында қазасы болса, әуелі сол қазаны, сосын шәууәл айы оразасын тұтады. Өйткені, хадисте "Кімде-кім Рамазан айының оразасынан соң..." деген.
  5. Рамазан оразасын ұстамаған адамдарға да шәууал оразасын ұстауға болады. Алайда, рамазан айының оразасын тұту парыз екенін ұмытпау керек.
  6. Шәууал оразасы да басқа оразалар сияқты таң атқаннан бастап күн батқанға дейін жалғасады.  

Айта кетейік, қасиетті Рамазан айы аяқталып, кешеден бері күллі мұсылман қауымы Ораза айт мерекесін атап өтіп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857290-suul-ajynda-6-kn-oraza-stau-mindet-pe/

pixel