Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айтуға қорқады": СҚО-да үш күн ішінде 100-ден аса жанұяда жанжал болған

Жарияланған күні:

Солтүстік Қазақстан облысында 22-24 мамыр аралығында «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы өтіп, нәтижесінде 101 құқық бұзушылық тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Айтуға қорқады": СҚО-да үш күн ішінде 100-ден аса жанұяда жанжал болған
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, үш күн ішінде полицейлер тұрғылықты мекенжайы бойынша 3 мыңға жуық есепте тұрған адамды тексерген.

Оның ішінде маскүнемдер, нашақорлар және тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдар бар.

«Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына жан-жақты көмек көрсетуге дайын. Отбасыда келіспей қалу жағдайларының арты қылмысқа ұласпауы керек. Үйде жәбір көретін әйелдер көп жағдайда өмірлеріне салғырттық танытып жатады.

Мәселен жедел алдын алу шарасы кезінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында облыс бойынша 101 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде тек жетеуі ғана «102» арнасы және кезекші бөлімдер бойынша тіркелген.

Қалған деректерді учаскелік полиция инспекторлары тексеру кезінде анықтаған», - деді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Көп жағдайда әйелдер күйеуінің көзінше олардың қол көтеретінін айтуға жасқанады екен.

Петропавл қаласындағы ықшамаудандардың бірінде жасы 30 шамасындағы әйел полицейлерге соққы іздері құлағаннан болды деп түсіндірген. Алайда, кейін учаскелік инспекторға хабарласып, күйеуінен жәбір көретінін айтқан. Жұбайы оны аңдып, телефонын тексеретін көрінеді.

Тәртіп сақшылары бірден полициямен өзара іс-қимыл жасайтын және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерінде көмек көрсететін қоғамдық ұйымдарға хабарласты.

Жәбірленушіге Әйелдерді қолдау орталығына орналасу, жұмыспен қамту орталығы арқылы білімін жетілдіріп және жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылды.

Енді ол өмірін өзгерту үшін полицияға өтініш жазуы керек. Полицейлер алгоритм бойынша көмек көрсетеді.

Айта кетерлігі, өңірдегі «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде полицияның профилактикалық және тізімдік есебіне 439 адам қойылған, оның ішіндегі 29-ы - тұрмысы қолайсыз отбасылардан, 92-сі - маскүнем, 26-сы - нашақор.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857433-ajtuga-korkady-sko-da-s-kn-isinde-100-den-asa-zanada-zanzal-bolgan/