Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диетолог жылдам салмақ тастаудың қауіпті екенін айтты

Опубликовано:

Диетолог әрі фитнес жаттықтырушы Арина Скоромная артық салмақтан бірден арылудың адам денсаулығына зиян келтіретінін айтып, дұрыс тамақтанудың арқасында арықтаудың тиімділін атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Диетолог жылдам салмақ жоғалтудың қауіпті екенін айтты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Маманның пікірінше, артық салмақтан арылуды қолға алудың алдында адам ең алдымен сарапшымен кеңесуі тиіс.

"Дәрігерден дереу кеңес алған дұрыс, себебі дұрыс емес диета сіздің денсаулығыңызға зиянын тигізуі мүмкін. Арнайы маманға, марафонға немесе курсқа жазылғаныңыз дұрыс. Сарапшы сізге қашан тамақтана алатыныңызды және жаттығу жасайтыныңызды біледі. Тәуелсіз экспресс-диеталар, моно диеталар сыртқы келбетті ғана емес денсаулығыңызды да бұзады", - деді ол Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Маманнан кеңес алу мүмкін болмаса, зиянды өнімдерден біртіндеп бас тартуға болады.

"Егер қант, қарапайым көмірсулар мен наннан бас тартса, бұл артық салмақтан арылуға көмектеседі", - деп кеңес береді диетолог.

Денені бірден қалыпқа келтіруді бастау зиян әрі қауіпті болуы мүмкін деп ескертті Арина Скоромная. Әуелде жеңіл таңертеңгілік жаттығулардан бастауға болады.

"Егер үйде кардио тренажер болмаса немесе сіз жүгіре алмасаңыз, 5-10 минут тізеңізді жоғары көтеріп жүруге болады", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 8 cағаттан артық ұйқының адам денсаулығына қалай әсер ететінін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857442-dietolog-zyldam-salmak-tastaudy-kauipti-ekenin-ajtty/

pixel