Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы блок-бекетіндегі апат: Үшінші полицейдің басына ота жасалды

Опубликовано:

Дәрігерлер Алматыдағы жантүршігерлік апаттан жарақат алған үшінші полицейдің жағдайы туралы айтты. Кеше, 25 мамыр күні блок-бекетте жол-көлік оқиғасы орын алған болатын деп хабарлайды Алматы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Блок-бекеттегі апат: үшінші полицейдің басына ота жасалды
Фото: NUR.KZ: Original

Апаттан кейін тәртіп сақшылары жарақатпен №7 қалалық клиникалық аурухананың жедел жәрдем бөлмесіне жеткізілді. Оны компьютерлік томография көмегімен тексерді, кейін жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқастың жағдайы туралы №7 хирургиялық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасарының міндетін атқарушы Ильдар Құрмаев. Науқастың диагнозы келесідей:

"Бірлескен жарақат. Бастың жабық жарақаты. Мидың ауыр дәрежеде жарақат алуы. Желке бөліктен қатпарлы эпидуральды қан кету. Шүйде сүйегі сынып, негізіне қарай өтуі. Сол жақтағы бет қаңқасының сынуы. Бас, бет, төменгі арқа, аяқ-қолдардың жұмсақ тіндерінің жарақаты",–деді баспасөз қызметі.

Диагностикадан кейін дәрігерлер науқастың жағдайын талқылап, содан кейін оған резекциялық трепанация арқылы бас сүйек ішіндегі жіті гематоманы алып тастау операциясын жасау шешімі қабылданды.

Қазір науқастың жағдайы тұрақты. Бүгін оның миының бақылау томографиясы жасалды. Науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске салайық, бір күн бұрын Алматыда бақылау-өткізу бекетінде қорқынышты апат болды.

Апат салдарынан екі полицей қаза тапты, тағы біреуі ауруханаға түсті.

Айтпақшы, оқиға кезінде зардап шеккен үшінші адам көлік ішінде болмаған. Ол жақын жерде қолына планшет ұстап, көліктерді база бойынша тексеріп тұрған.

Апатқа кінәлі бұрын құқық қорғау органдарында жұмыс істеген екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857491-almaty-blok-beketindegi-apat-sinsi-policejdi-basyna-ota-zasaldy/

pixel