RU

Жапониялық мамандар: 2 жастан кіші балаларға маска кию қауіпті

Екі жастан кіші балалар маска кигенде тұншығып қалуы мүмкін. Бұл туралы Жапонияның педиаторлар қауымдастығы ескертті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Мамандар кішкентай балалардың тыныс алу жолдары жіңішке болатынын, сондықтан да маска кию олардың тұншығуына соқтыруы мүмкін екенін ескертеді.

Бұдан бөлек, балақайлардың жүректеріне қысым түсуі мүмкін, сондай-ақ ыстық ауа райы кезінде күн өту қаупі бар.

"Маскада ыстық сақталып тұрады, сондықтан да күн өту қаупі жоғары. Сондай-ақ балаларда лоқсу жиі болады, бұл өз кезегінде, пневманияға шалдықтырып, тұншығуға соқтыруы мүмкін", – дейді Жапония педиаторлар қауымдастығының басшысы Акира Камикава.

Жапонияда да балаларға арналған маскалар сатылады. Әдетте олардың қаптамасында үш жастан бастап тағуға болатыны жазылған.

Кейбір өндірушілердің сипаттамасында масканың "екі жастан жоғары балалар үшін" пайдалануына рұқсат етілгені көрсетіледі.

Еске сала кетейік, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында сәуір айында коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген төтенше жағдай режимінің тоқтатылғанын жариялаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857534-zaponialyk-mamandar-2-zastan-kisi-balalarga-maska-kiu-kauipti/