Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйден шықпаңыз": Синоптиктер аптап ыстық болатынын ескертті

Опубликовано:

Алматы облысының тұрғындарына ертең, 27 мамырда үйлерінен шықпауға кеңес беріледі. Аймақта дауылдық ескерту жарияланды. Ауа райының бұзылуы тағы бірнеше аймақтарда күтілуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

"Үйден шықпаңыз": синоптиктер қазақстандықтарға аптап ыстық болатынын ескертті
Фото: NUR.KZ: Original

Синоптиктердің хабарламасына сәйкес, бес аймақта дауылдық ескерту жарияланған.

Мамандардың болжамынша, ертең, 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жауып, қатты жел болады. Облыстың екі ірі қаласы – Семей мен Өскеменде қатты жел соғып, жаңбыр жаууы ықтимал.

Ертең Солтүстік Қазақстан облысында да екпіні секундына 20 метрге дейін жететін жел тұрып, тұман түсуі мүмкін.

Ал республикамыздың оңтүстік өңірлерінде, керісінше, аптап ыстық күтілуде. Мамандар Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындарына ауа температурасы 35-40 градусқа дейін көтерілетінін ескертеді.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан үйде болуды және қажет болмаған жағдайда сыртқа шықпауды сұрайды.

Сондай-ақ, ведомство температураның көтерілуі табиғи өрттерге әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Сонымен қатар Түркістан және Қызылорда облыстарында 41 және 44 градус ыстықтан бөлек, шаңды дауыл тұрады деген болжам бар. Бұл аймақтарда желдің екпіні секундына 23-25 ​​метрге дейін жетуі ықтимал.

Айта кетейік, Түркістан облысында қарбыз пісіп жатыр. Өнімнің алғашқы бөлігі Ресей еліне жіберілген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857578-jden-sykpayz-sinoptikter-kazakstandyktarga-aptap-ystyk-bolatynyn-eskertti/

pixel